Кеше облыс әкімі С.С.Ескендіровтің төрағалық етуімен өңірлік кадрлар комиссиясы республикада алғашқылардың бірі болып “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне үміткерлермен әңгімелесу өткізді. Оған 22 үміткер қатысты.
Биылғы 22 наурызда Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік қызметтің басқару элитасы – “А” корпусының кадр резервін қалыптастыру тәртібін айқындаған Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл санатқа қызметке тағайындау және одан босатудың айрықша тәртібін ел Президенті айқындайтын кәсіби менеджерлер енгізілмек. Олар тактикалық деңгейде жоспарлаумен, мемлекеттік саясаттың дәйектілігі мен жүйелілігін қамтамасыз ете отырып, оның нақты бағыттарын жүзеге асырумен шұғылданады.
Мемлекеттік қызметті реформалау “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыруға, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі басты мақсатқа қол жеткізуге арналған. Мемлекеттік қызметте халыққа және мемлекетке қызмет ету ұстанымымен кәсіби мамандар еңбек етуге тиіс.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттіктің СҚО бойынша департаменті.