«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САНДА БОЛҒАНМЕН, САНАТТА ЖОҚ САНДА БОЛҒАНМЕН, САНАТТА ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Самат Ескендіров облыстық мәслихаттың үлкен залында Петропавл қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті. Жиында кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды. 

Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс әкімі өз сөзінде отан-дық өндірушілерді қолдау аясында “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, соған сәйкес 2010-2012 жылдары сомасы 14 миллиард теңгенің үстінде 133 кәсіпкерлік жобаның мақұлданғанын еске салды. “Кәсіпкерлік қызметін жүргізуге бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді азайту үшін 6 рұқсат беру рәсімдерін алып тастау, 60-ын жеңілдету ұсынылды.
Сонымен бірге кең көлемді жекешелендірудің екінші толқыны жоспарлануда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, бұл отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін принципті маңызды қадам болмақ. Бизнес-қауымдастықтың билік органдарымен түсіністігін қамтамасыз ету үшін қалада кәсіпкерлердің 14 қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді”, – деді Самат Сапарбекұлы.

 

 

Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Тотыкамал Құлжанова хабарлама жасады. Ол өз сөзінде қазір ел кәсіпкерлерінің бизнесті Кеден одағы аясында жүргізуге төселіп жатқанына, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру міндеті тұрғанына тоқталып, осы жауапты кезеңде кәсіпкерлік құрылымдарында түгендеу мен оңтайландыру жұмыстарын жүргізудің қажеттігін айтты. Бүгінде Қазақстан бизнесі дамуы және өсіп-өркендеуі жағынан әлемдегі 185 елдің ішінде 49- орын алып, ТМД және Кеден одағы елдері ішінде алдыңғы шептен көрініп отырса, бұл, әрине, жақсы. Сол сияқты біздегі салық деңгейі де өзгелерден төмен. Басқарма басшысы оның бәрі инновацияны дамытуға және биылғы жылы Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының ашылуына байланысты екенін айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімі де қысқара түскен.

Бірақ әлі де шешілмеген кәсіпкерлік проблемалары аз емес. Мысалы, бүгінде Петропавл қаласында тіркелген 3857 шағын және орта бизнес кәсіпорнының 35 пайызы ғана белсенді болып табылады. Олар барлығы 11400 адамды жұмыспен қамтып, жыл басынан бері 79 миллиард теңгенің өнімін өндірді. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылып, 2010-2013 жылдары осы мақсатқа 4,0 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның демеуқаржылық көмектерін көптеген кәсіпорындар пайдалануда. Алайда, кепілге меншік мүлкін қойып, кредит алу шарттарының әлі де кәсіпкерге жеңіл тимейтіні сөз болды.

Кездесуде “Атамекен одағы” облыстық филиалының директоры Елена Виссарова қаладағы бизнес қауымдастығының күрделі проблемалық мәселелерді шешуде заңды тұлғалар бірлестігімен ынтымақтастықта жұмыс жүргізуінің қажеттігіне тоқталды. Өңірдегі күш құрылымдарымен және “Нұр Отан” ХДП филиалымен бірлесіп қоғамдық кеңестер құрған бұл ұйым алдағы мемлекеттік мүлікті түгендеу іс-шараларына қатысады. Экономиканың әр секторында жұмыс топтарын құрып, олардағы бизнестің ілгері басуына ықпал етуде. Кәсіпкерлерге “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жете түсіндірумен айналысып, электр қуатымен жабдықтаудың және мемлекеттік сатып алудың түйінді мәселелерін шешуге атсалысуда. Соның бір мысалы ретінде “Қызылжар су” және “СевКазЭнерго” АҚ-ы кәсіпорындарымен өзара меморандумға осы кездесу үстінде қол қойғалы отырғандарын айтты.

Жиын барысында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты сұрақ қойып, өз ұсыныстарын білдіргендер көп болды.“Кинцель және К” микрокредиттік ұйымының басшысы Сергей Кинцель “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кәсіпкерлерді қаржыландыруын неге тоқтатқанын сұрап, олардың кәсіпкерлік ісін құруды өздерінде жолға қойып, оны ынта білдірушілерге өткізіп отырса деген ұсынысын айтты. Осы сауалға Самат Ескендіровтің өзі жауап қайтарып, қаржыландырудың тоқтатылуын қаржының жоқтығымен түсіндіріп, ұсынысты зерттеп-саралауды корпорация басшысына тапсырды. Кездесуде болған ресейлік ғалым-кәсіпкер Яков Зебрин осында бизнес-инкубатор ашу ойы барын жеткізіп, қала кәсіпкерлерін өз жобасына қатысуға шақырды. Бұл орайда өңір басшысы аталмыш жобамен танысып, қорытынды шығаруды облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жүктеді.

Келесі кезекте кездесуде меморандумға қол қойғалы отырған кәсіпорындар басшыларына сөз берілді. Бірінші болып мінбеге шыққан “Қызылжар су” ЖШС-нің директоры Аслан Сатин кәсіпорынның қала кәсіпкерлерімен тіл табысып, ынтымақтаса жұмыс жүргізе алатынын айтса, одан кейін сөз алған “СевКаз-Энерго” АҚ-ның бас директоры Еділ Көпенов электр қуатымен жабдықтаудағы келеңсіздіктерге байланысты қарша бораған сұрақтардың астында қалды. Қала прокуроры Қонысбек Ыбыраев қызметтің бұл саласында орын алып отырған олқылықтарға байланысты тексеріс жүргізілетінін айтты. Кездесуде қала әкімі Төлеген Закариянов та сөз алып, қаралған мәселе бойынша өз ой-пікірін білдірді. Жиын соңында аталған монополист кәсіпорындар “Атамекен одағы” облыстық филиалымен өзара меморандумға қол қойды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp