«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі №189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы 2013 жылғы 17 сәуір №129

“Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі №189 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1808 тіркелді, 2012 жылғы 7 тамыз “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.



2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. ЕСКЕНДІРОВ.

 

Осы нормативтік-құқықтық акт 2013 жылғы
17 мамырда облыстық Әділет
департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2290.

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі №129 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы
10 шілдедегі №189 қаулысымен бекітілді

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу қағидасы

Осы қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды (қолдаухатты) Комиссияға қарауға “Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – СҚО ІІД) енгізеді.
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша СҚО ІІД бастығының бұйрығы шығарылады.
6. СҚО ІІД ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджетте, СҚО ІІД 252 003 “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу” бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.
8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасын, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар беруді СҚО ІІД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp