«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБІН АШҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ кеңес берілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалында “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша “Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні” республикалық акциясы аясында қоғамдық қабылдау өтті.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың қатысуымен өткен қоғамдық қабылдауда тиісті мемле-кеттік органдардың, даму инсти-туттары мен екінші деңгейлі банк-тердің өкілдері де болды.
Бұл күні кәсіпкерлер тиісті органдардан мемлекеттік қолдау алуға қатысты туындаған сұрақтарын тікелей қойды. “СевЕсильЗерно” ЖШС-нің заңгері Ольга Левандовская ұн өндірумен айналысатын кәсіпорынның жұмысын кеңейту үшін “Еуразиялық банктің” өңіріміздегі филиалынан 250 миллион теңге несие алуға құжат тапсырғандығын жеткізді. Алайда, үстіміздегі жылдың ақпан айынан бері аталмыш банктің есігін тоздырған көрінеді. Тапсырылған құжаттарды ұзақ қарайды деп шағымданған Ольга Левандовская “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында субсидия мен несие алуды көздеп отыр. Ал “Хомяков И.О.” жеке кәсіпкерлігінің басшысы Игорь Хомяков дәретхана қағазын өндірумен айналыспақ. Осы орайда өз кәсібін ашуға бел буған Игорь Олеговичтің қолында 1 миллион теңге қаржысы бар. Енді оған 3 мил-лион теңгедей қосымша қаржы қа-жет. Қоғамдық қабылдауға қатысқан мемлекеттік органдар мен даму институтының өкілдері оған “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында грант алу үшін бүгіннен бастап құжаттарды әзірлеп, тапсыру қажет екендігін айтты. 3 шілдеден бастап конкурстық комиссия берілген өтінімдерді қарайтын болады.
Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі – облыс орталығының тұрғыны Жанаргүл Ақдәуітова. Ол жылқы өсірумен айналысқысы келеді. Бүгінде қолында дайын бизнес жоспары бар Жанаргүл Қуанышбайқызы мемлекеттің қолдауына үміт артып отыр. Осы орайда облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Тотыкамал Құлжанова “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша несие алуға болатындығын жеткізді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp