«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҒЖАНШЫЛ ШӘКІРТТЕРІМЕН МАҚТАНАТЫН ҰСТАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданындағы №4 Булаево орта мектебінің шаңырақ көтергеніне биыл – 14 жыл. Осы аралықта білім беру мекемесінде тұрақты мамандар қалыптасып, мектептің материалдық-техникалық базасы жақсарып, оқушыларға сапалы білім беру жолында көптеген игі істер атқарылды. Ең бастысы – аталмыш білім мекемесінде білікті кадрлар қатары жылдан-жылға толыға түсуде. Солардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің бірінші санатты мұғалімі Марал Қантаева. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық университетін бітіріп, ұстаздың еңбек жолын Сарытомар орта мектебінде бастаған Марал Жақсыбайқызы 2001 жылдан бері аудан орталығындағы қазақ мектебінде ұстаздық етеді.

Бірінші санаттағы педагогтің шәкірттері аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүргендігі – пән ұстазына мерей. Облыстық Мағжан оқуы байқауында бұл мектептің оқушылары талап биігінен танылады. Ұстаздың айтуынша, әйгілі ақын жерлестерінің атындағы байқауларда – жүлделі орындарды иелену оқушылар үшін асқан абырой. Олардың қайсыбірі ақын бабаларына ұқсап өлең шығарумен де әуестенеді. Ұстаз болса Надира мен Бағила Шериматовалар, Гүлмира Рамазанова, Фариза Райымбекова, Ақсәуле Ялғашова сынды шәкірттерінің есімдерін үлкен мақтанышпен атайды. Сондай-ақ тәлімгер шәкірттерін заман талабына сай білім нәрімен сусындату үшін үлкен ізденістің жетегінде жүретінін білдік.

– Мен сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыс істеймін. Баланың сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру үшін бұл әдістеме өте тиімді деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі технологиялық даму үдерісі кейбір баланың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін тежеуде, – дейді Марал Жақсыбайқызы.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp