«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАНКИРЛЕРГЕ ТЕҢБІЛ ДОП ТАҢСЫҚ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда банк қызметкерлерінің арасында Ұлттық валюта – теңгенің енгізілуінің 20 жылдығына орай, Ұлттық банк филиалының кубогы үшін шағын футболдан дәстүрлі жарыс болып өтті. Биылғы жарыста ерлердің – 16, әйелдердің 4 командасының сапында барлығы 200 ойыншы алаңға шықты.

Кездесулер 2013 жылдың 20-25 мамыр күндерінің аралығында жұмыстан тыс уақытта “Жастар” стадионында ойналды. Соған қарамастан, жанкүйерлер көптеп жиналды. Жекпе-жектер тартыс-таласпен ерекше әсер етті.
25 мамыр күнгі жабылу салтанатында Ұлттық банк Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымов жарысқа қатысушыларға және жүлдегерлерге ақжолтай тілек арнап, жүлделер мен бағалы сыйлықтарды тапсырды.
Тартысты жекпе-жектерде бірінші орынды “Қазкоммерцбанк” командасы жеңіп алды. “Халық банк” ойыншылары – екінші, “Альянс банк” футболшылары – үшінші жүлделерді еншіледі.



Жарыста тұңғыш рет екінші деңгейдегі банктердің және “Қазпочта” АҚ-ның төрт әйелдер командасы өнер көрсетті. Олар шартты түрде “Оңтүстік”, “Шығыс”, “Батыс” және “Солтүстік” болып ойнады. “Батыс” командасы мерейге бөленді.
Турнирдің үздік ойыншылары болып мыналар танылды: “Үздік шабуылшы” – Руслан Мұхамеджанов (“Қазкоммерцбанк”), “Үздік қақпашы” – Иван Решетов (“Альянс банк”), “Үздік ойыншы” – Бақтияр Дүйсенов (“Халық банк”), “Көрермендер көзайымы жүлдесі” – Данияр Шалабаевқа (“ЦеснаБанк”) берілді.
Әйелдер командаларындағы ойыншылардың үздігі – Әлия Таңатова ( Ұлттық банк).
Жүлдегерлер дәстүрлі кубоктармен және мақтау қағаздарымен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ойынға қатысушылар барлық сыйлықтарын өздері алмай, жекелеген спортшыларға, спорт ұйымдарына тарту етті. Мысалы, ҚР спорт шебері, 2004 жылы Грекияда өткен Паралимпиада ойындарына қатысқан, спорт арбашасымен жарысуда еліміздің әлденеше мәрте жеңімпазы Сергей Усольцевке – ноутбук, екінші орын үшін жүлде – спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт-интернатқа, ал үшінші жүлде балалар мен жасөспірімдердің “Қызылжар” спорт мектебіне тапсырылды.
Банк қызметкерлерінің келесі жекпе-жектері тамыз айында өткізіледі.

 

Ұлттық банк облыстық
филиалының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp