«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылы мектепке дейінгі ұйымдар саны (шағын орталықтарды қоса) 2011 жылмен салыстырғанда 2,9 % өсті.

2013 жылдың басында облыста 74 мектепке дейінгі тұрақты мекеме болды, орын саны – 9896 және бала саны – 9636 адам. Одан басқа жалпы білім беру мектептері жанында 502 шағын орталық жұмыс істейді, онда 11269 бала тәрбиеленуде. Жалпы облыс бойынша 100 орынға 95,3 бала келеді, қалалық жерде – 97,5 бала, облыс орталығында – 97,3 бала.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан 97,7% – мемлекеттік, 2,1% – жекеменшік нысанында және 0,2% – өзге мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігі.

 

Облыстағы 61 мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу үдерісі екі тілде (қазақша, орысша), 152-сінде – қазақша және 362-сінде орыс тілінде ұйымдастырылған. Жыл сайын тәрбиелеу үдерісі мемлекеттік тілде жүзеге асырылатын топтардағы балалар саны өсуде. 2012 жылы бұл топтарда 6574 бала немесе тәрбиеленушілердің 31,4%-ы болды. Мектепке дейінгі мекемелерге баратын барлық балалардың ең үлкен үлес салмағын 4 жастағы (31,9%) және 3 жастағы (28,5) балалар құрады, 1 жастағы (1%) балалардың үлес салмағы ең аз. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жалпы санынан 48,9%-ы – қыздар.

2013 жылдың басына мектепке дейінгі ұйымдардағы қызметкерлер саны 6038 адамды құрады, олардан 2718 адам (45%) – педагогикалық персонал. Педагогикалық жұмыскерлердің жалпы санынан 1304 адам, немесе 48%-ы жоғары білімді, 164 адам немесе 7,5%-ы ЖОО-да оқиды.

Мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлердің жалпы санынан 64,8%-ы – тәрбиешілер, 7%-ы – музыкалық жетекшілер және 2,8% меңгерушілер құрайды. Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық қызметкерлердің негізгі бөлігінің (38,3%) еңбек өтілі 5 жылға дейін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp