«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕР “ЖАСЫЛ ЕЛГЕ” АТТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттік құрылыс және “Жасыл ел” көгалдандыру жасақтарының жаңа еңбек маусымының басталуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты.

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Білім ордасының алаңында жиналған студенттерді жаңа маусымның ашылуымен құттықтаған Фархад Қуанғанов елімізде жүзеге асырылып жатқан “Жасыл ел” бағдарламасын өз сөзіне өзек етті.
– Өткен жылы “Жастар тәжірибесі” бойынша 700 адам еңбекпен қамтылып, 170 адам “Жасыл ел” жасағында болды. Ал үстіміздегі жылы “Жасыл ел” жасағы құрамын 750 адамға жеткізу жоспарланған. Мамыр айында жұмысын қайта жандандырған “Студенттердің еңбек биржасы” арқылы өткен жылы жасы 18 бен 29 арасындағы 2056 азамат маусымдық жұмыспен қамтылды, – деген Фархад Қуанғанов қаламыздың көркеюіне үлес қосатын жастар жасақтарының маңызына тоқталып, жастардың биылғы еңбек маусымын сәтті өткізулерін тіледі.



Шара барысында сөз алған студенттік еңбек биржасының жетекшісі Сергей Белов өзі басшылық ететін мекеменің алға қойған жоспарларымен қысқаша таныстырып өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда дерекқорында екі мыңнан астам бос жұмыс орны тіркелген биржа өңіріміздің 85 мемлекеттік және жекеменшік жұмыс берушілерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Студенттік еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеп келген жас мамандарға еңбек нарығында 200 бос орын ұсынылып, жаз уақытында үш мыңға тарта жасты еңбекке тарту көзделген.
“Жасыл ел” сарбаздары саябақтар мен питомниктерде тал егу, жасыл желекке күтім жасау, су құбырларын тазалау, көгалдар мен гүлзарлар отырғызу, қоршауларды жөндеу және жаңа қоршаулар жасау жұмыстарын атқаратын болады.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp