«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫЛАРҒА ҰҚСАП ҰЛАНДАР…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында жайылған “Шағын жауһарлар” атты көрме бірнеше аптадан бері көрермендердің көзайымына айнала түсуде. Көркемсурет лицейі, өнер колледжі мен “Родник” БЖК оқушылары ұсынған көрме көзтартарлық жәдігерлермен, түрлі түсті картиналармен ерекшеленеді. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш көрме Халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылды. Көрмеде балалар ұлы суретшілердің картиналарынан көшірме жасап, соларды жұртшылық назарына ұсынған. Мақсат – жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру және оларды әлемдік мәдениет жауһарларымен таныстыру, дейді мұражай қызметкерлері.
Балғын суретшілер Леонардо да Винчидің, Пикассоның, Моне мен Матисстің ұлы туындыларынан көшірме жасаған. Олардың кез келгенін тамашалаған сәтте ғажайып ертегі әлеміне енгендей күй кешесің. Ақ түске боялған мүсіндер де қыстың ерекшелігін өзге жыл мезгілдерінен айқындай түседі.
Балғындар Леонардо да Винчидің “Джоконда” атты картинасын көбірек салыпты. Сондай-ақ көрме сөрелерінде Винсент Ван Гогтың “Күнбағыстарының” көшірмесі мол. “Көк бөрі үстіндегі Иван ханзада”, “Аққу ханшайым”, “Пианино қасындағы Ждановичтің портреті” тақырыбындағы туындылар да мен мұндалап тұр.
Бұл көрме кішкентай балалардың ыстық ықыласына бөленуде.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp