«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСИЕТТІ ТУЫМЫЗДЫҢ ҚАДІРІН ТҮСІРМЕЙІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы және Уәлиханов аудандарында, мәдениет пен спорт ұйымдарында Мемлекеттік рәміздерге қатысты талаптардың сақталуы қарастырылды.

 

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Әлішевтің айтуынша, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар 170-тен астам тексеру жүргізген. 900-ден астам ұйым тексеріліп, еліміздің “Мемлекеттік рәміздер” туралы заңнаманың сақталуы басты назарға алынған. Тексерістің нәтижесі бойынша заң бұзушылықтың дені Тудың жыртылуына қатысты. Өңіріміздегі мемлекеттік ұйымдарда Мемлекеттік рәміздер қорының аздығынан жыртылған немесе кірлеген Ту бірден ауыстырылмайтын көрінеді. Ең сорақысы Туды шегеге ілу сияқты жағдай да кездеседі екен. Мұндай оқиға Жамбыл ауданында орын алған. Руслан Қанатханұлы мұндай бассыздық үшін кінәлілерге 1000-2000 мың АЕК көлемінде айыппұл салынатындығын, бір жылға еркіндігі шектетілетінін немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айрылатындығын айтты. Ал Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі бұзылса, еліміздің Әкімшілік кодексі бойынша 200 АЕК-ге дейін айыппұл салынады. Мұндай келеңсіздік Гимнді айтқанда да орын алатын көрінеді. Заң бойынша мемлекеттік Гимнді оң қолды кеудеге қойып тыңдау немесе орындау тәртібі сақтала бермейді.  

 

Аталған кемшіліктер өзгелерге үлгі болуға тиіс мемлекеттік органдардың Мемлекеттік рәміздерге деген “құрметінің” түрін көрсетеді, деді облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов. Комиссия отырысы барысында жоғарыда аталған үш ауданның өкілдері жергілікті жерде Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен оларды насихаттауда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Сондай-ақ дәл осындай жұмыстарын Мәдениет пен Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері жеткізді. Отырыс соңында Фархад Қуанғанов Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге және Елтаңба, Ту, Гимнге қатысты заңмен белгіленген тәртіпті сақтау мен насихаттауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

4 маусымда – Мемлекеттік рәміздер күні бүкіл елімізде, әрбір елді мекенде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалатын болады. (Астана уақыты бойынша сағат 11-де).

Петропавл қаласында бұл акция Патриоттар форумын өткізу барысында Орталық алаңда (қалалық әкімдіктің алдында) өткізіледі.

Баршаңызды мерекелік шараға қатысуға немесе акцияны өз үйлеріңізде, кәсіпорындарда, ұжымдарда қолдауға шақырамыз.

Ұйымдастыру комитеті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp