«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы. 2013 жылғы 27 мамыр №168 

 

 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


 

1. Қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. ЕСКЕНДІРОВ.

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы
27 мамырдағы №168 қаулысына қосымша

 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

1. “Спорт саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 283 қаулыcы (2012 жылғы 17 қараша №137 “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1931 тіркелді).
2. “Ауыл шаруашылығы саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қарашадағы №328 қаулыcы (2013 жылғы 15 қаңтар №6 “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2035 тіркелді).
3. “Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру” электронды мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №396 қаулыcы (2013 жылғы 9 ақпан №17 “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2119 тіркелді).
4. “Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру” мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы №16 қаулыcы (2013 жылғы 12 ақпан №18 “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2131 тіркелді).
5. “Мұрағаттық анықтамалар беру” электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы №71 қаулыcы (2013 жылғы 27 сәуір №50 “Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланды, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2229 тіркелді).

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp