«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҒҰМЫР ЖАСЫ ҰЗАРУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Зарина КӘРІМОВА.
 
2012 жылы ел тұрғындарының ғұмыр жасының ұзақтығы 69, 57 жасқа жетіп, 2008 жылғы 67, 11 жастан асып түсті.
Бұған елімізде тұрғындарды сауықтыруға арналған түрлі бағдарламалардың арқасында қол жеткізілді. Атап айтқанда, елімізде үш жылдан бері ауру түрлерін ерте бастан анықтауға және өзгелерден көбірек кездесетін сырқаттардың алдын алуға бағытталған скрининг бағдарламасы енгізілген.

ОБЫРДАН ШЕТІНЕУ АЗАЙДЫ
Өткен жылы қатерлі ісіктерден шетінеу 2007 жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға азайды. Егер осыдан бес жыл бұрын 100 мың тұрғынға шаққанда обырдан көз жұмғандар 111,8 адам болса, өткен жылы осы қатерлі сырқаттан 100 мың тұрғынның ішінен қайтыс болғандар 100,3 адамға кеміді.

Атап айтқанда, соңғы 5 жылдың ішінде елімізде онкологияға қарсы көмекті түбегейлі қаржыландыру енгізілді. Сол арқылы ауруға шалдыққан адамды барлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, шығындарды қоса отырып, сырқаттарға төлемдерді қарастырады. Тұтастай алғанда, онкологиялық қызмет көрсету – 2,2, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету 1,7 есе артты.
 
ӨКПЕ АУРУЫ КЕМІП КЕЛЕДІ
2012 жылы өкпе ауруын 2007 жылғыға қарағанда 35 пайызға азайтуға қол жеткізілді. Мәселен, 2007 жылы 100 мың тұрғынға есептегенде 126,4 адам туберкулезбен ауырса, одан бес жыл өткенде бұл көрсеткіш 81,7 адамды құрады.
Алайда, дәрігерлер өкпе ауруынан зардап шегушілердің саны азайғанымен, Қазақстанда бұл күрделі мәселе болып қалып отырғанын атап көрсетуде. Осыған байланысты ауруды алғашқы деңгейде анықтауға және сараптауға бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық алдын алу шаралары күшейтіліп отыр.
2012 жылы Ішкі істер министрлігінің жабық мекемелерінде туберкулезден емдеуге негізгі күш-жігер жұмсалды. Қаржы бөлініп, іс-қимылдың салааралық жоспары жасалды.

СӘБИЛЕРГЕ ЕКПЕ ЖАСАУДЫҢ ПАЙДАСЫ
Қазақстан 2008 жылдан бастап Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынуымен сәбилердің туа сала шетінеуіне және өлі тууына қарсы халықаралық қозғалысқа қосылып, олардың өлімін 7,8 пайызға кемітті.
Бұған халықаралық перинаталдық технологияларды енгізудің арқасында қол жеткізілді. Нәрестелерге туа сала хирургиялық қызмет көрсету белсенді түрде дамып келеді.
2011 жылдан бастап Қазақстан кеңестік кезеңнен кейін алғашқы болып балаларды пневмококк инфекциясына қарсы егуді қолға алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің 7 өңірінде 450 мыңнан астам балаға екпе жасалды.

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ДАУАСЫ
Ауруға шалдыққан адамдардың жекелеген санаттары 2012 жылдан бастап толығымен тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіліп келеді. Бұрын мемлекет дәрі-дәрмектердің құнының 50 пайызын ғана төлейтін еді.
Егер бұрындары мемлекетіміз дәрі-дәрмектер құнының 50 пайызын ғана өтеп, аурулардың жекелеген топтарына көмек жасап келсе, 2012 жылдан былай олар мемлекет есебінен толық тегін дәрі-дәрмек алады.
Бүгіндері кепілдік берілген медициналық көмек бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі тұтастай алғанда 100 миллиард теңгеден асады.
Денсаулық сақтау министрлігі диспансерлік ауруларды есепке алып, сондай-ақ дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еті-летін науқастардың ақпараттық жүйесін жасады. Мұның өзі әрбір емделушінің мемлекет кепілдік берген дәрілерді алуын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бұған қоса 2012 жылы тұрғындардың дәрі-дәрмектерді қолдануға қатысты хабардарлық деңгейін арттырудың тетіктері жасалып, енгізілді.
2012 жылдан бастап амбулаториялық мақсатқа мемлекет кепілдік берген қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді сатып алуға жергілікті бюджеттен шығарылатын қаржыға көмек үшін республикалық бюджеттен 37 миллиард теңгеден аса ақша бөлінді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp