«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТІҢДІ ТӨЛЕМЕСЕҢ, АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙСЫҢ Облыста “Ашық шекара” акциясы басталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі филиалының сот орындаушылары маусым-ның 1-і мен 30-ы аралығында алименттер өндіріп алу бойынша “Ашық шекара” атты акция жариялайды.

Акцияның мақсаты алименттер төлемі бойынша қалыптасқан жағдайға әсерін тигізу. Акция барысында борышы барларға шетелге шығуға болмайды. Петропавл қаласы бойынша ата-аналардың алимент төлемі бойынша борышы аз емес, жалпы берешектері 104 111 325 теңгені құрайды.



“Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” ҚР Заңының 33-бабына сай, атқарушылық құжат мазмұнындағы талаптарын борышкер белгіленген мерзім ішінде себепсіз орындамаса, сот орындаушысы өндіріп алушының өтініші бойынша борышкердің ел аумағынан шығуына уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.
Сондықтан жазғы демалысқа жиналмай тұрып, шоттар бойынша барлық төлемдерді тексеріп шыққан жөн.

 

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің
баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp