Германияның Дормаген қаласында аяқталған әйелдер арасындағы халықаралық сайыстан солтүстікқазақстандық балуан қыздар жүлдемен оралды.
Өткен жылы күрестен Азия жеңімпазы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Марина Зуева (46 кг.) мен Кристина Яловенко (51 кг.) сайыстың ақтық сынында алаң иелерінің жауырынын жер иіскетіп, елге алтын жүлдемен оралды.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.