«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамырдың 27-сі мен маусымның 21-і күндері аралығында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде.

Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН,
Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудегі басты мақсат – тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, мекеме, кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, газ, электр жүйелерін пайдалану туралы түсінік жұмысын жүргізу.
Жыл сайынғы статистика мәліметі бойынша, өрт көбінесе тұрғын үйде орын алады. Мәселен, үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде облыста 26 адамның өмірін қиған 294 өрт оқиғасы тіркеліп, 129 миллион теңгенің шығынына батырды. Тіркелген өрттің 19-ы тұрғын үй секторларында орын алған.



Айлық барысында жергілікті өртсөндірушілер аудандық ішкі істер бөлімінің мамандарымен бірлесіп жүргізілетін рейдтік шаралардың жоспарын жасады. Тұрғын үйлерді, олардың аулаларын аралап, тұрғындармен әңгімелескен құтқарушылар есілдіктерге өрт қауіпсіздігі туралы жадынама таратты. Сондай-ақ тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар шоғырланатын елді мекендерде рейд өткізіп, сәтсіз отбасылар да назардан тыс қалмады.
Аудан тұрғындары, әсіресе, үй жылыту құрылғылары мен пештерді пайдалану кезінде апатты жағдайларға көп ұшырайды. Сондықтан өрт қауіпсіздігі тақырыбында баннерлер мен жадынамалар жасауға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp