«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙҒАНЫМ мен АЙНҰРДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Достық үйінде өнер колледжінің биылғы жылғы түлектері Айғаным Махамбетова мен Айнұр Астанаеваның жеке концерті болып өтті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Биыл дарынды қыздар Алматыдағы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияға оқуға түспекші. Олар өнер колледжінде алған білімдерін жиналған жұртшылыққа паш етіп, қошеметке бөленді.
Айнұр Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінде скрипкада ойнайды. Айғаным да осы оркестрде және “Әлқисса” фольклорлық ансамблінде қобызшы. Бірқатар облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.



Өнерлі қыздар кеш бойы күрделі шығармаларды шебер орындап, тыңдармандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұқан Төлебаевтың “Поэма” туындысы, “Аңыз шығарма” және скрипка мен қобызға арналған концерт жас өнерпаздардың орындауында әсерлі шықты.

 

Суреттерді түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp