«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТІЗГІНДЕЙТІН БАҒДАРЛАМА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру елдегі жұмыссыздық деңгейін 6 пайыздан асырмауға мүмкіндік беріп отыр.

Көрегендіктен жасалған бұл бағдарлама он мыңдаған адамдарды еңбекке орналастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасап, екі жыл бойы өзінің тиімділігін дәлелдеді.

 

2011 жылғы 1 шілдеден бері елде 188 мың әлеуметтік келісімшартқа қол қойылды. Сөйтіп, жұмыссыз жүргендер бос орындарға орналасуда. Егер кейбіреулерінің біліктігі жеткіліксіз болса, оқуға немесе қайта даярлауға жіберіліп, артынша тұрақты жұмысын табады.

Бұған қоса оқу орындары жұмыспен қамту орталықтарымен келісімге сәйкес аспаздар, механиктер, бағдарламашылар, электриктер, медбикелер және ветеринарлар сияқты жаңа мамандарды даярлауда. Жүздеген адамдар газбен де, электрмен де дәнекерлеушілер, тракторшылар, аспаздар, шаштараздар, кондитерлер мамандықтарына ие болды.

 

(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp