Тараз қаласында ҚР ІІІ Жастар ойындары аясында жүзуден сайыс өтті.
Аталмыш додада өңір намысын абыроймен қорғаған Ирина Сорокина 4 алтын мен 1 күміс медальді қанжығасына байлап қайтты. Тарқатып айтатын болсақ, 200, 400 метрге кешенді жүзуде және 100 метрге брас әдісімен жүзуде топ жарса, 50 метрге кешенді жүзуде үшінші болды.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.