«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕДАГОГТЕРДІҢ І ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында “Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік тәрбиешісі – 2013”, “Бастауыш сыныптардың үздік педагогі – 2013”, “Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі – 2013”, “Үздік әлеуметтік педагог – 2013” І облыстық конкурсы өтті. Оған 64 мұғалім қатысты.

Раушан ҚАЗБЕКОВА,
“Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығы” ЖШС директорының
орынбасары, психолог.

Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін шыңдауға арналған конкурсқа қатысушылардың шығармашылық, зерттеушілік, тәжірибелік, жаңашылдық, креативтілік қырларымен қоса әдістемелік қоржынының бай әрі сапалылығы және портфолиосының мазмұндылығы назарға алынды. Ондағы мақсат – мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мекемелері мен бастауыш сынып, өзін-өзі тану мұғалімдерінің, әлеуметтік педагогтердің мәртебесін көтеру, қоғамды шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздармен таныстыру, сондай-ақ тәжірибелі, жаңашыл жұмыс істейтін мұғалімдердің әдістемелерін таратып, қиын жағдайда қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру.



Үш кезеңнен тұрған конкурста ұстаздар портфолиоларын қорғап, өздерінің жұмысымен, жетістіктерімен, педагогикалық тұжырымдамаларымен таныстырды және өз істерінің нағыз майталман шебері екендіктерін дәлелдеуге тырысты.
Сайыскер педагогтердің үздік тәжірибелерін ұстаздарға тарату мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жинақ құрастырылатын болады. Мұғалімдер қызметін бағалау өлшемдерінде олардың кәсіптік және біліктілік деңгейлері, білім бағдарламасын жүзеге асырулары, тәрбие мен оқытуда жаңа тәсілдерді пайдаланып, денсаулық сақтау технологияларын қолданулары, ата-анамен жұмысы, қоғамдық өмірге араласулары, БАҚ беттеріндегі жарияланымдары, тағы басқалары ескерілді.
Осылайша, Қызылжар ауданы Озерный орта мектебінің 33 жыл еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі Күлшат Бейсенова бас жүлдені жеңіп алды. Білім беру саласында 23 жыл еңбек еткен Қызылжар ауданы Пеньково орта мектебінің әлеуметтік педагогі Күләш Мәкенова, Есіл ауданы Қарағай негізгі мектебінде өзін-өзі тану пәнінен дәріс беріп жүрген Айгүл Әубәкірова, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Калинов орта мектебі жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Наталья Серова және Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Нағұманова, Айыртау ауданы Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқытатын) Татьяна Несветеева, Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі (қазақ тілінде оқытатын) Жазира Әлібекова өз санаттары бойынша 1-орындарды иеленді.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp