“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы басталғаннан бері 95,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына оқытылды, олардың 58,7 мыңы еңбекке орналастырылды. 31 мың адам “Жастар тәжірибесінен” өтті. Өткен жылы мемлекетіміз бұл бағдарламаға 71 миллиард теңге бөліп, тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі жұмысты күшейте түсті.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында жалақыға жәрдем ақша бөлінді. Басқаша айтқанда, мемлекет жұмыс берушілерді жаңа қызметкерлер алуға итермелеп, жұмысшылардың жалақыларының бір бөлігін төледі. Нәтижесінде әлеуметтік жұмыс орындары қазір 60 мың қазақстандықпен қамтамасыз етілген.
Үкіметтің тағы бір пәрменді қадамы – мамандарды қайта оқыту олардың басқа салаларда көзге түсуіне мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде 100 мыңдай қазақстандық қайта даярлықтан өтті, олардың жартысынан астамы еңбекке орналастырылды.
Бұл бағдарламаның тиімділігі осыдан-ақ анық аңғарылады.
(Өз тілшімізден).