«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 жылғы қаңтар-сәуірдегі облыстың экономикалық және…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,1%-ға, бөлшек сауда 24,7%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 44,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

 

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 69,8% алатын өңдеу өнеркәсібінде 31,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 5,8%-ға артық болды.

2012 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда азық-түлік өндірісінің өсімі 7,1%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру 1,8 есеге, ет және азықтық ет өнімдері – 47%-ға, үй құсының еті – 64,5%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 4,2%-ға артқан.

Металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,4 есеге, жиһаз – 2,1 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдар – 1,5 есеге, химиялық өнімдер өндірісі 1,7 есеге артқан. Асүй жиһаздарын өндіру – 4,3 есеге, тауарлық бетон – 1,3 есеге, ерлердің жұмыс киімі – 1,9 есеге, лактар мен бояулар – 41,2%-ға, мұнай өндіру жабдықтарын өндіру 48,6%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 17 млрд. теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға 23,2 мың тонна өткізілген (2012 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 3,3%-ға артық), 95,1 мың тонна сиыр сүті сауылған (4,4%-ға), 133,3 млн. дана (20,4%-ға) тауық жұмыртқалары алынған.

Барлық меншік түрінің құрылыс-монтаждық ұйымдарының өз күшімен 2,5 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 1,4 есе артық). 2013 жылғы қаңтар-сәуірде жаңа 83 ғимараттың құрылысы аяқталды, олардан 78 тұрғын, 5 тұрғын емес мақсаттағы.

2013 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,8 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 26,2%-ға артық). Негізгі капиталға инвестиция көзінің 78,5%-ы шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 6,6%, бюджеттік қаражатқа 14,6% келеді. Негізгі капиталға инвестиция салу бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 54,8%), өнеркәсіп (11,5%), ақпарат және байланысқа (9,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (7,6%), көлік және қоймалау (6,6%) басымдық танытты.

Тұрғын үй құрылысына 1087,4 млн. теңге жұмсалды (2012 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 1,9 есе артық). Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар жалпы көлемі 9019 шаршы метр тұрғын үй салды (2012 жылғы қаңтар-сәуірдегіге қарағанда 138,4%).

2013 жылғы қаңтар-сәуірдегі тасымалдаушылардың барлық санаттары 14,6 млн. тонна жүк (2012 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 5,7%-ға артық) және 151,8 млн. жолаушы тасымалдады (2012 жылғы қаңтар-сәуірдегіге қарағанда 100%).

2013 жылғы қаңтар-сәуірдегі бөлшек сауда көлемі 27,8 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 24,7%-ға өсті, көтерме сауда – 86,2 млрд. теңгені құрады (18,4%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 622,5 млн. теңгені (11% артық) құрады.

…әлеуметтік дамуының қысқаша қорытындылары

2013 жылғы қаңтар-наурызда бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 68919 теңгені құрады.

2013 жылғы 1 сәуірге облыс тұрғындарының саны 579 мың адамды құрады, соның ішінде 239,6 мың адам (41,4%) қалалық жерде, 339,4 мың адам (58,6%) ауылдық жерде тұрады. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы тұрғындарының 3,4%-ы тұрады.

2013 жылғы қаңтар-наурызда жаңа туған 1983 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 2,3%-ға кем болды, 1933 шетінеу (4,8%-ға кем), 887 некелесу, 453 ажырасу тіркелді.

2013 жылғы қаңтар-наурызда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 8%-ға өсіп, 68919 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 9,1%-ға және 70611 теңге сәйкесінше. Нақты жалақы сәйкесінше 0,7% және 1,8%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-наурызда 457,4 АҚШ долларын немесе 346,1 еуроны құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жұмыскерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-наурызда 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 12%-ға, өнеркәсіпте – 18,9%-ға, құрылыста – 19,2%-ға, көлік және қоймалауда – 8,4%-ға, ақпарат және байланыста 31,8%-ға өсті.

Өнеркәсіпте жалақы 68017 теңгені құрады, құрылыста – 64363 теңге, саудада – 57677 теңге, көлік және қоймалауда – 99099 теңге.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы сәуір айының соңына 1701 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5% құрады. 2013 жылы қаңтар-сәуірде 3164 адам еңбекпен қамтылды, ол өтініш білдіргендердің 88,1%-ы.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы сәуірде 15569 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,6%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 9342 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,7%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына 1,3%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,9%-ға, ақылы қызметтерге 2,8%-ға өсті.

2013 жылғы сәуірде бағалардың балық және теңіз өнімдеріне – 1%-ға, көкөніс және жемістерге – 0,6%-ға, сүт өнімдеріне – 0,5%-ға, ет және ет өнімдеріне – 0,3%-ға, алкогольсіз сусындарға 0,2%-ға көтерілгені байқалған.

Бағалар жеке бас күтіміне арналған тауарларға 0,9%-ға өсті, фармацевтикалық өнімдерге – 0,8%-ға, жуу және тазалау құралдарына – 0,6%-ға, үй тұрмысына қажетті заттарға, тұрмыстық приборларға – 0,4%-ға, киім және аяқкиімге – 0,2%-ға.

Бағалар деңгейі амбулаторлық қызметтерге – 5%-ға, демалыс, көңіл көтеру және мәдени қызметтерге – 0,4%-ға, көлік қызметтеріне 0,1%-ға қымбаттады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp