«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫЛАР ДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұмыспен қамту бағдарламасының жаңа бағыты – “Ауылдық елді мекендерді дамыту” былтырдан бері тәп-тәуір тындырылуда.

Қазірдің өзінде осы бағыт шеңберінде 365 жоба, соның ішінде мектептерді, ауруханаларды, балабақшалар мен Мәдениет үйлерін жөндеу жөнінде – 310, инженерлік-көлік инфрақұрылымдары мен жолдардың – 138, коммуналдық сала нысандарының – 42, сондай-ақ ауылдарды көркейту жөнінде 75 жоба жүзеге асырылды. Аталмыш жобаларды жүзеге асыруға 7,3 мың адам, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен 4,4 мың адам қатысты. Биыл 875 осындай жобаны жүзеге асыру және осының есебінен 14,1 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

 

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл тұрғыны Ирина Баженова екі баласын бір өзі тәрбиелеуде. Мамандығы құрылысшы болып табылатын ол бірнеше жыл қараптан-қарап отырды. Өткен жылы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша ауылда балабақшаны қалпына келтіру басталды. Жұмыспен қамту орталығы Иринаны құрылысқа жіберді. Жауапкершіліктен жаңылмаған ол тұрақты жұмысқа тұрды.

Бұл мысал бағдарламаның дұрыстығын, оның оң ықпалы мен атаулы бағдарын айқын аңғартады деуіміз керек. Бөлінген қаржы қиырдағы ауылдарға да жетіп, қоғамда қордаланған мәселелердің түйінін шешуге жәрдемдесуде.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған бағдарламаны орындаудың қорытындысы бойынша 2011 жылы елде 150 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, ал еңбекке жұмылған әйелдер саны 80 мың адамға көбейді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болса 52 мың адамға азайды.

 

(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp