«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІК ТУҒЫЗЫП ОТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы мүгедектердің лайықты адам ретінде сезінуіне мүмкіндік туғызып отыр, деп есептейді “Шырақ” мүгедек әйелдер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Қалтаева. Ел мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері бірінші рет қатысқан Үкімет мәжілісінде сөз сөйлеген ол бағдарламаны қызу қолдады.

 

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары елде ойдағыдай орындалуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда 87 мыңнан астам қарттар мен мүгедектер арнайы әлеуметтік қызмет аясында. Мүгедек балалардың 17 интернат-үйі, үш мыңдай мүгедек балаға қызмет көрсететін 29 күндізгі стационар бар.

Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 1049 мүгедекпен әлеуметтік келісімшартқа қол қойылды.

2017 жылға қарай Қазақстанда мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің толыққанды жүйесі құрылатын болады. Бұған қоса қазір Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді жұмысқа орналастыруға қосымша жағдай туғызатын заң әзірлеу үстінде. Жұмыспен қамту бағдарламасының мүмкіндігі шектеулі адамдарға кәсіби қосымша білім беруге, қайта даярлауға, еңбекке орналастыруға қатысты тұстарын кеңейту қарастырылуда.

Осы министрліктің ақпараты бойынша соңғы жылдары жұмыспен қамтылған мүгедектер саны 50 мың адамдай, бұл – 12 пайыз деген сөз.

Ресми деректерге сәйкес елдегі мүгедектердің 68 пайызы еңбекке қабілетті жаста.

Республикамызда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауға көп көңіл бөлінеді. Жыл басында мүгедектердің құқығы жөніндегі ҮЕҰ-ның көшбасшысы, мүгедек Әли Аманбаевты Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне орналастырғаны үшін еліміз марапатқа ие болды.

 

(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp