«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Болашақ машина жасаушылар ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ҚАРСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья ЗУБЕНКО,

Машина жасау колледжінің әдіскері.

Жуырда Машина жасау колледжінде “Атом” халықаралық бағдарламасы аясында “Полигонға жол жоқ!” тақырыбында семинар өткізілді.  

Ядролық қарудың не екендігімен оқушылар алғашқы әскери даярлық курсынан таныс, ал кейбіреулерінің туыстары Тоцк және Семейдегі сынақтарға қатысқан.

 

Семинарды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, биология ғылымының кандидаты, “ЭКОСФЕРА” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Павел Дмитриев ашты. Ол “Атом” бағдарламасы туралы айтып берді.

1970-1972 жылдары Семей полигонында ядролық сынақтарға қатысқан өндірістік оқыту шебері Виктор Бердниченко сонда өткізген кезі туралы әңгімеледі. Виктор Григорьевич сол кезде КСРО Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеген болатын.

2-курс оқушылары Олег Герасимчук пен Степан Дедов “Семей ядролық полигоны”, “Қазақстан және әлемдік қоғамдастық” тақырыптарында таныстырылымдарын дайындады.

1-курс оқушылары Семей полигонына арналған викторинаға қатысты. “Менің Қазақстаным”, “Адамзаттың ядролық трагедиясы” тақырыптары бойынша викторина, суреттер мен плакаттар сайысының жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Машина жасау колледжінде “Денсаулықтың экологиялық жолы” клубы жұмыс істейді. Жетекшісі – Е.Соколова. Клуб мүшелері әрдайым игі істерге бастамашы болып жүреді. Мәселен, олар колледж оқытушыларымен бірлесіп “Көктемнің мейірімді аптасы” шарасына қатысты, “Қызылжар оранжереясын” абаттандыруға көмектесті. “Таза жағалау”, “Жер күні” акциясына, “Эко объектив” конкурсына, Тайынша агробизнес колледжінде өткен “Жасыл планета – 2013” облыстық экологиялық слетіне қатысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp