«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАС ЖОЛДАҒЫ ТАМАША АЙШЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында солтүстікқазақстандық кеденшілер атаулы мерекеге орай шара ұйымдастырды. 

СҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті ғимаратының алдындағы тас жолда балалар суреттерінің конкурсы өткізілді. Конкурсқа түрлі жастағы балалар қатысты. Кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Татьяна Шлапак балғындарды құттықтаған соң Мемлекеттік рәміздердің дүниеге келу тарихын, олардың әр қазақстандықтың өмірінде алатын орнын айтып берді. Бұдан соң балалар тас жолдың үстінде неше түрлі бордың көмегімен Мемлекеттік рәміздерді әспеттеп сала бастады. Ауа райы да бұл күні тамаша болды, ата-аналар ашық аспан астында сурет салған балаларына жанкүйер болып, көмектесіп жатты. Жарты сағаттан соң жас суретшілердің еңбегі бағаланды. Барлығы мерекелік сыйлыққа ие болды.
Мереке күні департаментте өзге де шаралар өтті.

СҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp