«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АҚЫН НҰРГҮЛ ОҚАШОВА – республикалық байқаудың жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданындағы Краснознаменное орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұргүл Оқашова “Поэзия, менімен егіз бе едің?” деген тақырыпта өткізілген Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық жазба ақындар байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Осыған орай облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармада жеңімпазбен кездесу өтті. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш байқауға Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 20-30 жас аралығындағы жастар қатысқан. Нұргүл бұған дейін облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен өңірлік деңгейдегі Мұқағали Мақатаев атындағы байқаудың жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алған.

Нұргүл Оқашова – ел деңгейінде өткізілетін жазба ақындар додасында бас жүлдеге алғаш рет қол жеткізген жерлесіміз. Кездесу үстінде жас ақынды облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Кемел Оспанов, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев және басқа зиялылар құттықтады. Жеңімпаз байқаудан алған әсерімен бөлісіп, жыр шумақтарынан үзінді оқып берді.
Байқау үш аталым бойынша өткізілген. “Поэзия, менімен егіз бе едің?” атты кезеңде Мұқағали ақынның шығармашылық-адами келбетін, поэзияда алатын орнын, шежірелі тарихын танытатын өлең оқылып, “Ал екінші бақытым – тілім менің” кезеңінде үміткерлер тіл тақырыбына арналған туындыларына кезек берген. Үшіншісінде, яғни “Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін” додасында Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен сыр шерткен. Қазылар алқасы барлық кезең бойынша жерлесіміздің қабілетін жоғары бағалап, әділ бағасын берген.
Нұргүл Оқашова Қызылорда облысында туып-өскен. Бүгінде Мамлют ауданындағы Краснознаменное ауылында отбасын құрған. “Алғашқы рет 7-сыныпта махаббат тақырыбына өлең шығара бастадым. Алайда, ұстазыма жыр жазатынымды айтуға қысылушы едім. Ол ақындық қабілетімді байқаған соң түрлі жарыстарға қатыстырып, жазба ақын болуыма үлкен септігін тигізді”, – дейді Нұргүл.

 

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp