«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоламан ШАХАНОВ.

Жаңажол ауылында Әубәкір деген атамыздың мінезі қожанасырлау, оның үстіне құлағының мүкісі бар еді. Үлкенді-кішіге қайырымдылығы мол болатын.
Бірде жаңа шошала тоқимын деп тоғайдан тал әкеліп, есік алдына түсіреді де, үйге шай ішуге кіреді. Қою шайды ішіп, буыны босап кеткен атамыз бірер сағат мызғып алады.

Ол кезде ауыл балалары тал шыбықты ат қылып мініп ойнайтын. Маңайында кісі көрінбеген соң бала біткен әлгі талды бір-бірден бөлісіп алып, жас қабығын сыпырып ноқта тоқып, ойынға кіріседі. Біраздан соң есік алдына шыққан атамыз талының ойсырап қалғанын көріп, анадай жерде шаң бұрқыратып ат ойнап жүрген балалардың алғанын сезеді. Жанына шақырса, ұрысады деп қорыққан балалар жуымайды. Сонда атамыз: “Бұларға ұрысқанмен мән болмас, басқа бір амалын ойлайын” деп үйге кіріп, қайта шығады да:


 

– Әй, балалар, бері келіңдер, сендерге ақша беремін, – дейді. Әлгі сөзді естіген балалар алған талдарын орнына әкеліп, жапырлап атамыздың жанына жинала қалыпты.
– Ертең тағы тал әкелемін, қозғамайсыңдар ма? – дейді.
– Жоқ-жоқ, ата, қозғамаймыз, – деседі балалар шуылдап. Сосын атамыз әлгілерге ақ күміс таратыпты. Қолдарына ақша тиген балалар дүкенге қарай тұра жүгіреді. Бір істі тындырғандай атамыз олардың артынан мәз болып қарап тұрса керек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp