«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛ-ЖАРДЫҢ” ҚОС ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның бірінші лигасы аясында “ҚызылЖар СК” командасы өз алаңында “Екібастұз” клубын қабылдады. Аталмыш ойынды облыс әкімі Самат Ескендіров жанкүйерлермен бірге тамашалап, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Бірінші болып шабуылды екібастұздықтар бастады. Сөйтіп, қарсылас құрама жерлестеріміздің қақпасына теңбіл допты бірнеше рет бағыттағанымен, шабуылдары нәтижесіз болды. Біраз уақытқа дейін қарсыласының қақпасына гол дарыта алмаған қызылжарлық құрама да тек ойынның бірінші таймының орта тұсында ширақ қимылға көшті.



Кездесудің бірінші таймында жанкүйерлер асыға күткен гол екінші тайм басталысымен соғылды. Жергілікті құраманың қорғаушысы Денис Щеткин кездесудің 51 минутында нысананы дәл көздеп, қарсылас команданың қақпасына гол дарытты. Сөйтіп, 1:0 есебімен қызылжарлықтар жеңіске жетті.

 

* * *

“Қызыл-Жар СК” футбол клубы семейлік “Спартак” құрамасын өз алаңында қабылдады. Футбол сүйер қауыммен бірге облыс әкімі Самат Ескендіров тамашалаған кездесуде жерлес футболшылар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Үстіміздегі жылғы футбол маусымында өңірлік теңбілдопшылардың асығы алшысынан түсіп отырғаны белгілі. Соңғы кездесуден кейін турнир кестесінің 4-орнында жайғасқан “Қызыл-Жар СК” командасы үздік бестікке енген Семейдің “Спартак” құрамасымен болған ойында тамаша айла-тәсілдер жасап, үздік ойын үлгісін көрсеткенімен, есеп тек бірінші таймның соңғы минутында ашылды. Қарсыластың қақпасын дәл көздеген жергілікті құраманың шабуылшысы Тимур Мульдинов көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кездесудің екінші бөлімінде “Спартак” есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтиже болмады. Міне, осылайша 1:0 есебімен жеңіске жеткен “Қызыл-Жар СК” командасы турнир кестесі бойынша 23 ұпай жинап, 4-орнын сақтап қалды.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp