«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

30 ҚҰТҚАРУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәжіліс залында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара өткізілді.

Шара барысында қатысушылар мен қонақтарды мерекемен құттықтаған облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Әсет Ысмағұлов Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету әр қазақстандықтың парызы екендігін, еліміздің елдігі мен егемендігінің басты белгісіне айналған Туға, Елтаңбаға және Гимнге қандай құрмет көрсетілсе де, артық еместігін тілге тиек етті.
Ал мерекелік шараның марапаттау рәсімінде облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент гарнизонының жеке құрамындағы 30 қызметкерге “Өртке қарсы қызмет органдардағы мінсіз қызметі үшін” I, II және III дәрежелі медальдары табысталды.
Мерекелік жиналыстың барысында құтқарушылар назарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері тарихынан сыр шертетін 3 бейнефильм ұсынылып, шара өртке қарсы қызметінің прапорщигі Бірлік Баекиннің орындауындағы жанды тебірентіп, рухты оятатын патриоттық әндеріміздің бірі – “Атамекен” әнімен аяқталды.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp