Соғыстан мүгедек болып оралған Шәмшит Қабдунасов зейнеткерлікке шыққанша Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарыпты. Ақиқатын айтып, адал сөйлейтін, уәделі сөзін екі етпейтін, мінезі турашыл адам болса керек. Осы қасиетін сыйлаған тұрғындар бұйымтайы болса бірінші хатшысына кірмей, сол кісіге келіп айтатын көрінеді.
Бірде соғыста бір аяғынан айрылған мүгедек ардагер Шәмшит Қабдунасовқа келіп:
– Аудан орталығында тұрамын. Күнкөріске күтіп отырған үш-төрт қара малым бар еді, шөп аздау болып тұр. Мынау Явленка астық қоймасында жем бар деп естідім. Содан азырақ жем алуға көмектессеңіз екен, – деп бұйымтайын айтады. Ардагердің сөзін мұқият тыңдаған Қабдунасов оған арыз жаздырып, бұрышына қолын қойып, қойма директорына жібереді. Арызды оқыған қойма директоры оны ортасынан қақ бөліп: – Менде жұрттың бәріне тарататын жем жоқ, – деп ардагерді құр қайтарады. Жыртылған арызды алып, ардагер Қабдунасовқа қайта кірсе керек. Ашуға булыққан төраға қойма директорын шұғыл түрде кабинетіне шақыртып алады. Отыруға да рұқсат бермей, тік тұрғызып қойып:
– Мен мынау бір қолымды, анау шал бір аяғын ет комбинатына тапсырған жоқпыз. Ел үшін, сендер үшін соғыста жоғалтып келдік. Соны түсінсең, жұрттан бұрын соғыс ардагерінің өтінішін орындауың керек. Бүгіннен қалдырмай жемді үйіне жеткізіп бер, – деп бұйырады. Ертеңіне әлгі ардагер телефон шалып, Шәмшит Қабдунасовқа шексіз алғысын білдірсе керек.