«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЗАҢҒА ЖЕТІК БОЛУЫ – уақыт талабы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жеке өмірге қол сұқпаушылық және қоғамдық пікір. “Әділ арқа” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Достық үйінде өткен “дөңгелек үстел” осы тақырыпқа арналды. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Белгілі журналист, “Әділ арқа” қоғамдық қорының директоры Зәуре Жұмалиеваның бастамасымен өткен жиынға БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін облыстық сот судьялары, тілшілер мен мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары қатысты. Жеке өмірге қол сұқпаушылық тақырыбы уақыт өткен сайын өзекті бола түсуде. Заң тақырыбына қалам тербейтін журналистер қауымы түрлі қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге орай зерттеу жүргізгенде осы мәселеден ақсайды. Бұған жол бермеудің тәсілдеріне тоқталған судьялар Еле-на Максюта мен Инесса Қуанова БАҚ өкілдеріне ақыл-кеңес берді. Ақпарат құралдары арқылы біреудің аты-жөнін жазу немесе эфирде көрсетудің өзі келісіммен ғана жүзеге асуы тиіс. Жеке өмірге қол сұқпаушылықтың нормалары мен ережелері заңнамада айқын көрсетілген.

Бұл мәселенің тек тілшілерге емес, сонымен бірге қоғам өкілдеріне де тікелей қатысы бар. Қазіргі кезде бір-біріне жала жабу немесе ар-намысты таптайтын пікір айту негізінде сотқа шағым айтып келетіндердің қатары қалың. Соның салдарынан сот тәжірибесінде абыройы мен ар-намысын қорғау жөнінде істер де көбейген. Осы күнге дейін біреудің жеке өміріне қол сұғу жөнінен облыс соттарына барлығы 29 іс түсіп, соның 24-і бойынша шешім шығарылған.
 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp