«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

14-інші МАУСЫМ ЖАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының кезекті маусымы жабылды. Соған орай театр Ғабит Мүсіреповтің “Қыз Жібек” қойылымын сахналады. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Қызылжарлықтарға көптен бері таныс “Қыз Жібек” спектаклін көрем деушілердің қатары бұл күні де қалың болды. Біржан Жалғасбаев, Самал Тәшімова, Қуаныш Бекжігітов, Аида Сұпатаева, Асылхан Рәзиев, Гүлназ Базарбаева, Мақсат Ақжолов, Кенжекей Ақжолова және театрдың басқа актерлері ойнаған қойылым әдеттегідей көрермен көңілінен шықты.

 

Маусымның жабылуына орай Сәбит Мұқанов театры жыл сайынғы “Жыл актері” мен “Жыл актрисасы” аталымдары бойынша қос сыйақыны тағайындады. Театр сахнасында әйел образдарын тартымдылықпен сомдап жүрген Дәрия Әбілмәжінова “Жыл актрисасы” атанды. Оған Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойына орай театр басшылығы арнайы ұйымдастырған ақынның атымен аталған сыйақыны театр директоры Қуандық Қасымов табыстады. Сафуан Шаймерденовтің “Дөкейінде” – Қилауды, балаларға арналған “Қорқынышты қоян” ертегісінде Қоян рөлдерін сомдаған Асылхан Рәзиев “Жыл актері” мәртебесіне лайық деп танылды. Оған Сәбит Мұқанов атындағы сыйақы берілді.

Салтанатты мерекедегі бұл соңғы марапаттау емес еді. Қазақстан Театр қайраткерлері одағы атынан Кенжекей Ақжолова мен актер Қуаныш Бекжігітов арнайы марапатқа ие болды.

Кеш соңында маусымның жабылуына келген қадірлі меймандар сөз сөйлеп, театр ұжымына ризашылық білдірді. Облыс әкімі Самат Ескендіровтің атынан ықылас гүлі табысталды.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp