Жеке өмірге қол сұқпаушылық және қоғамдық пікір. “Әділ арқа” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Достық үйінде өткен “дөңгелек үстел” осы тақырыпқа арналды.
Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Белгілі журналист, “Әділ арқа” қоғамдық қорының директоры Зәуре Жұмалиеваның бастамасымен өткен жиынға БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін облыстық сот судьялары, тілшілер мен мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары қатысты. Жеке өмірге қол сұқпаушылық тақырыбы уақыт өткен сайын өзекті бола түсуде. Заң тақырыбына қалам тербейтін журналистер қауымы түрлі қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге орай зерттеу жүргізгенде осы мәселеден ақсайды. Бұған жол бермеудің тәсілдеріне тоқталған судьялар Еле-на Максюта мен Инесса Қуанова БАҚ өкілдеріне ақыл-кеңес берді. Ақпарат құралдары арқылы біреудің аты-жөнін жазу немесе эфирде көрсетудің өзі келісіммен ғана жүзеге асуы тиіс. Жеке өмірге қол сұқпаушылықтың нормалары мен ережелері заңнамада айқын көрсетілген.