«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері “құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылық” және қаланы абаттандыру бойынша шараны өткізуді жалғастыруда.

Полицейлер күнделікті өмірде көшелерді ластау бойынша құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, аумақты қалай тазарту керектігі жөнінде өздері де үлгі бола алады. Апта сайын әр бейсенбі күні қалалық полицияның жеке құрамы Ішкі істер басқармасының әкімшілік ғимараты маңын және әкімдік бекіткен аумақтарды тазарту жұмысына шығады. Полицейлер гүлзарларды жаңартып, қоршауларды, жиектерді сырлап, қоқысты шығарады.



– Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері “таза бейсенбі” күнін өткізді. Күн сайын тыныштықты күзететін Ішкі істер басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының тазалығы үшін де алаңдайды. Бүгінгі күні қалалық полиция жеке құрамының кезекшіліктегі, жасақтағы қызметкерлерінен басқалары аталмыш шараға қатысуда, – дейді Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Александр Деров.
Жуырда облыс орталығын санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі үшайлық аясында қалалық Ішкі істер басқармасының әкімшілік полициясының қызметкерлері ерікті көмекшілерімен бірлесіп, “Таза қала” акциясын өткізді. 26 жеке кәсіпкер мен 298 жеке тұлғаға 324 хабарлама тапсырылып, санитарлық тазалық және жапсарлас орналасқан аумақты жинау жөнінде 135 алдын алу әңгімесі ұйымдастырылды. Саябақтың, саяжолдардың тазалығын сақтамай, қоршаған ортаға құрметпен қарамаған және қоғамдық тәртіпті бұзған 9 құқық бұзушы шағын бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартылды.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp