«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАЛАЛ – 3,7 млрд. ТЕҢГЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаржы полициясы ақшаны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырушылардың тобын әшкереледі.

Облыстық Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері 2007-2013 жылдар аралығында Петропавл қаласында 10-нан астам жалған кәсіпорын құрып, коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару және ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсетіп келген тұлғалар тобын анықтады.
Бұл жалған кәсіпорындардың қызметінен төленбеген салық түріндегі келтірілген залалдың алдын ала сомасы 3,7 млрд. теңгені құрады.



Топ 6 адамнан құрылған, олардың бірі – Виктор Шиманский үстіміздегі жылғы 4 маусымда Петропавл қаласында 9,7 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдыру үстінде ұсталды.
5 маусымда Виктор Шиманскийге, Сергей Шиманскийге, Денис Голобородовқа, Рафаель Аслановқа, Александр Фомиченкоға, Анжелина Пасечнаяға қатысты жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Қылмыстық істер тергелу үстінде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Нәтижеле рі жұртшылыққа жеткізілетін бола ды.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp