«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 12, 2013

ЕРЕКШЕ ЖОЛЫМЫЗ БАР ЕЛМІЗ

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын жариялады. Елбасы “Қазақстан – 2030” Стратегиясы мерзімінен бұрын орындалғанын атап өтті. Өткен жылдарда бұрынғы құжат бізге бағдар ретінде жол ашып, басты мақсаттан таймай, алға ұмтылуға мүмкіндік берді.  Ернар СЕЙДІМБЕКОВ,   облыстық Әділет департаментінің басшысы. Біріншіден, ұлттық …

ЕРЕКШЕ ЖОЛЫМЫЗ БАР ЕЛМІЗ Read More »

ОТАНШЫЛДЫҚ ОТ БАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.   “Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу, ол – қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан”. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. (“Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауынан). …Арды ойлаған бабалар-ай, десеңші! Тағылымның …

ОТАНШЫЛДЫҚ ОТ БАСЫНАН БАСТАЛАДЫ Read More »

АЛҚАПТАРДА АРАМШӨП ҚАУЛАМАСА, астық өнімді болмақ

Егістікті қорғаудың пайдасы мол екенін егіншілер жақсы біледі. Атап айтқанда, егістік қорғау шараларын қолданудың арқасында өнім ысырабының 30-дан 60 пайызына дейін жол бермеуге болады. Бұған агротехникалық әдістерді, сондай-ақ химиялық шараларды пайдалану арқылы қол жеткізіле алады.   Сапарғали СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР АШМ мемлекеттік инспекциясы комитетінің өсімдік қорғау инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы. “Республикалық фитосанитарлық сараптама және болжау …

АЛҚАПТАРДА АРАМШӨП ҚАУЛАМАСА, астық өнімді болмақ Read More »

ЕКІ ЖАҚҚА ДА ТИІМДІ ШАРА

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен кезекті “Ашық есік күні” өткізілді. Бұл шараға жиналған өңірлік кәсіпкерліктің өкілдері Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің қызметкерлерімен кездесті. Кәсіпкерлік субьектілерінде сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау аталмыш мекемелердің құзырында болғандықтан, бұл шара екі жаққа да тиімді болды.

ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ ЕЛ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Наталья МИРОНОВА, облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент басшысының орынбасары.   Облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменттің қызметкерлері Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі Үндеуін мұқият тыңдады және талдады.

ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ

Қажыбай АЙТИБАЕВ, Мамлют мәдени орталығының директоры. Мәдениеттердің үйлесімін біз алыстан іздемейміз. Оған өз өмір-болмысымызда дәйектер жетерлік. Егер Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл елімізде 408 ұлттық-мәдени орталықты біріктіріп отырса, біздің өз ауданымызда республиканың негізгі ұлты – қазақ халқынан басқа, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және басқалар тұрады. Демек, осы ұлттардың әрқайсысының ежелден қалыптасқан төл мәдениеті бірге жасай береді. …

ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ Read More »

ТАРИХЫМЫЗДАН СЫР ШЕРТКЕН Талай туындының иесі еді

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Сергей Устинов өңіріміздің белгілі қылқалам иесі еді. Ол 1953 жылы Ақмола облысының Ақкөл ауылында дүниеге келіп, 2011 жылы өмірден озды. Өмір сүрген 58 жылдың ішінде еліміздің тарихы жайында сыр шертетін талай туындыны дүниеге әкелді.

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ортақ іс-қимылды қажет етеді

Үстіміздегі жылдың мамыр айында облыс прокуроры Степан Зайтлердің төрағалық етуімен құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда адам саудасына байланысты қылмысты анықтау, тергеу және кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту мәселелері қаралды.    Ерлан ӘЛДІКЕНОВ, Облыстық Прокуратура басқармасының аға прокуроры.   Статистикалық талдау көрсеткеніндей, аталмыш санаттағы қылмыс біздің облыста да тамыр жаюда. Мысалы, 2010 жылы …

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ортақ іс-қимылды қажет етеді Read More »

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР КҮШ СЫНАСТЫ

“Динамо” спорт-дене шынықтыру қоғамында облыстың құқық қорғау органдарының дене шынықтыру ұжымдарының арасында жазғы спартакиада өтуде.   Өткен сәрсенбі күні Петропавл қаласының “Динамо” стадионында гір көтеру бойынша жазғы спартакиаданың екінші кезеңі өтті. Оған облыстың құқық қорғау құрылымдарының 70-тен астам өкілінен құрылған 17 дене шынықтыру ұжымы қатысты. “Динамо” спорт-дене шынықтыру қоғамының жетекші маманы Галина Сокрыхтың айтуынша, жарыстың …

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР КҮШ СЫНАСТЫ Read More »

АЛТЫННАН БАСҚАСЫ БҰЙЫРДЫ

Алматы қаласында университет студенттері арасында кикбокстан универсиада өтіп, оған 200-ден астам спортшы қатысты.   Аталмыш сайыста өңір намысын абыроймен қорғаған спортшылардың нәтижелері жаман емес. 67 кило салмақ дәрежесінде шаршы алаңда айқасқан кикбоксингтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рауан Смағұлов – күміс, ал 81 және 75 кило салмақта жұдырықтасқан Қазақстанның спорт шеберлері Нұрсұлтан Жақыпов пен Абзал Байзақов …

АЛТЫННАН БАСҚАСЫ БҰЙЫРДЫ Read More »

“БАРЫС” ДЕС БЕРМЕДІ

Облыс орталығындағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1999-2000 жылдары туған жастар арасында баскетболдан облыс біріншілігі өтті. Оған өңіріміздің барлық аудандарынан және Петропавл қаласынан қатысқан 150 спортшы бақ сынады.

БИ ТУРНИРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Петропавлда 8-ші дәстүрлі “Экзерсис СҚО – 2013” спорттық би жарысы маусымының қорытындысы шығарылды. Қызылжарлықтарды билерімен тәнті етіп жүрген өңіріміздің кәсіпқой және әуесқой бишілерінің өнерін Қазақстан, Ресей және Грекия елдерінен арнайы шақырылған төрешілер бағалады.  

КИКБОКСШЫЛАР ҚОЛҒАП ТҮЙІСТІРДІ

Алматыда 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында кикбокстан ҚР біріншілігі аяқталды. Бұл жарысқа 270 спортшы қатысып, бақ пен бап таластырды. Өңірімізден қатысқан 18 спортшымыз 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальдар алды. Сайыс қорытындысы бойынша 1999-2000 жылы туғандар арасында Евгений Павлов (30 кг.) пен Тимур Биннатов (36 кг.) – бірінші, Данияр Жарасов (33 кг.) – …

КИКБОКСШЫЛАР ҚОЛҒАП ТҮЙІСТІРДІ Read More »

ЖЕРЛЕС ГИМНАСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Астана қаласында көркем гимнастика бойынша ашық біріншілік өтті. Оған Астана, Петропавл, Қостанай және Қарағанды қалаларының спортшылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, облыстың намысын қорғаған жерлес гимнасшылар жақсы нәтижеге қол жеткізе білді. Қыздар арасында өнер көрсеткен спорт шеберіне үміткер Екатерина Ерехинская, Әлфия Мамашаріпова бас жүлдені жеңіп алса, екінші орында – Кристина Тюканько. Үздік үштікті Сәния Мұқашева түйіндеді. …

ЖЕРЛЕС ГИМНАСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Read More »

“ЖАС ҚАНАТТА” ЖҮЛДЕГЕР БОЛҒАН АЛҒАШҚЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ

22 мәрте жастардың бақ сынауына мүмкіндік берген шара – “Жас қанат” республикалық әншілер байқауында облыс намысын қорғаған облыстық филармонияның әншісі Мұхит Ахметов үздік үштіктің қатарынан көрініп, қола жүлде иегері атанды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. “Жас қанат” байқауы – жас әншілердің тұтас бір толқынын тәрбиелеген жоба. Мұхит Ахметов бұл жобаға тыңғылықты дайындалып барғандығын айтады. Ол …

“ЖАС ҚАНАТТА” ЖҮЛДЕГЕР БОЛҒАН АЛҒАШҚЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ Read More »

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ КҮНІН БЕЛГІЛЕУ пікірлесе шешуді қажет етеді

Соңғы кездері Интернет желісінде: “Жаңада ғана тағайындалған облыс орталығының әкімі қаржы тапшылығына байланысты Петропавл қаласының күнін тойлауды күзге қалдырып отыр. Жылда 6 шілдеде аталып жүрген қалалық мереке жаңа басшыға неге жақпай қалды?”, “Төлеген Закариянов Петропавл қаласы күнін тойлауға мүлдем қарсы” деген сыңайлы алып-қашпа сөздер жарияланып, қоғамдық пікір туғыза бастады. Соған орай кеше Петропавл қаласының әкімі …

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ КҮНІН БЕЛГІЛЕУ пікірлесе шешуді қажет етеді Read More »

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ облысымыздың велошабандоздарына бұйырды

Кеше Петропавлда велоспорттан 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, жерлесіміз Александр Винокуровтың жүлдесі жолындағы көпкүндік жарыс аяқталды. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бес кезеңде өткен тас жолдағы тартысқа Қостанай, Павлодар облыстарынан және Ресейдің Омбы қаласынан, сондай-ақ өз өңірімізден бес құрама қатысып, барлығы сегіз команда жарысқа түсті. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатын өңір басшысы Самат Ескендіров ашып, жарысқа қатысушыларды және …

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ облысымыздың велошабандоздарына бұйырды Read More »

КӘСІБИ ВЕЛОКЛУБ ҚҰРЫЛАДЫ

  Облыс әкімі Самат Ескендіров жерлесіміз, атақты велошабандоз, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуровпен кездесті. Әңгіме барысында облыста велоспорттың даму перспективалары сөз болды. Сондай-ақ кездесуде облыста кәсіби велоклуб құру және Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайын салу жөнінде шешім қабылданды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

Облыс әкімі Самат Ескендіров өз кірісін жария етті

“Нұр Отан” ХДП бастамашы болған “Өзіңнен баста!” акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров 2012 жылғы өзінің табысын жария етті, ол 10 миллион 697 мың 889 теңгені құрады. Жеке меншігінде тұрғын үй мен 0,05 гектар жер телімі бар.

Мейірбан медбике

Майя Түренова облыс орталығындағы №1 қалалық емханада медбике болып қызмет етіп келеді. – Бала кезімде соқырішекпен науқастанып, ауруханаға ауыр халде түстім. Өмір мен өлім арпалысқан сәтте менің өмірім осы ақ халаттылардың қолында екенін түсіндім. Онда мен небәрі 15-16 жаста едім. Бойжетіп, өмірлік мамандығымды таңдайтын сәтте аяқастынан науқастанып қалғаныма қуандым. Себебі, менің өмірім үшін күрескен медицина …

Мейірбан медбике Read More »