Алматы қаласында университет студенттері арасында кикбокстан универсиада өтіп, оған 200-ден астам спортшы қатысты.
Аталмыш сайыста өңір намысын абыроймен қорғаған спортшылардың нәтижелері жаман емес. 67 кило салмақ дәрежесінде шаршы алаңда айқасқан кикбоксингтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рауан Смағұлов – күміс, ал 81 және 75 кило салмақта жұдырықтасқан Қазақстанның спорт шеберлері Нұрсұлтан Жақыпов пен Абзал Байзақов үшінші орынды иеленіп, қола медальға қол жеткізді.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасының баспасөз қызметі.