«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҚАПТАРДА АРАМШӨП ҚАУЛАМАСА, астық өнімді болмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Егістікті қорғаудың пайдасы мол екенін егіншілер жақсы біледі. Атап айтқанда, егістік қорғау шараларын қолданудың арқасында өнім ысырабының 30-дан 60 пайызына дейін жол бермеуге болады. Бұған агротехникалық әдістерді, сондай-ақ химиялық шараларды пайдалану арқылы қол жеткізіле алады.

 

Сапарғали СҮЛЕЙМЕНОВ,

ҚР АШМ мемлекеттік инспекциясы комитетінің өсімдік қорғау инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

“Республикалық фитосанитарлық сараптама және болжау әдістемелік орталығы” мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – РФСБ) зерттеу мәліметтеріне орай 2012 жылдың жазғы-күзгі науқанында зерттелген 3601,2 мың гектар және 2013 жылғы 3620,0 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқаптарының 3316,6 мың гектарын арамшөптің барлық түрлері басып кеткені анықталды. Солтүстік Қазақстан облысында болжау бойынша 2729,6 мың гектар алқапта, соның ішінде ең зияндысы – әдеттегі қарасұлыға қарсы 843,4 мың гектарда өңдеу жүргізілді. Арамшөп Ғабит Мүсірепов атындағы – 439,3 мың, Тайынша – 395,4 мың, Мағжан Жұмабаев – 285,4 мың және Айыртау ауданында 267,3 мың гектар алқапта өсіп кеткен.

 

Көктемгі егіс жұмыстарымен қат-қабат алқаптарға тұқым сіңіру алдында алғашқы химиялық өңдеу жүргізілді. Атап айтқанда, барлығы 572,4 мың гектар алқап, соның ішінде негізгі дақыл – бидайдың 482,3 мың гектары, майлы дақылдардың 90,1 мың гектары немесе дәнді және дәнді-бұршақты егістік жерлердің 15,8 пайызы химиялық жолмен өңделді. Бұл жұмыстарды Тайынша, Айыртау, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев аудандары тиянақты жүргізуде. Тайынша ауданында 205,3 мың гектар, соның ішінде 39,1 мың гектар – майлы дақылдар алқабы, Айыртау ауданында 74,3 мың гектар, соның ішінде 10,3 мың гектар – майлы дақылдар, Уәлиханов ауданында 67,9 мың гектар, соның ішінде 3,3 мың гектар – майлы дақылдар, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 50,6 мың гектар, соның ішінде 3,0 мың гектар – майлы дақылдар, Мағжан Жұмабаев ауданында 46,4 мың гектар, соның ішінде 13,7 мың гектар – майлы дақылдар егістігіне гербицидтер жаппай енгізілді.

Осы аудандарда арамшөп қаулап кеткен еді. Соны ескере келіп, бұлар аталған агротехникалық шараға лайықты мән берді.

Тұқым себу науқаны аяқталысымен егістік жерлердегі өскіндерді күтіп-баптаудың әдіс-шараларын біліктілікпен және жылдар бойы қалыптасқан тәжірибені пайдаланып қолға алу керек. Оған өсімдік шаруашылығының барлық деңгейдегі мамандарын қатыстыра отырып, арамшөптің түрлерін анықтау, егіс қорғау үшін химиялық дәрілердің тиісті мөлшерін белгілеу қажет. Бұл орайда дәрілердің Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат берілгендерін ғана қолданған жөн. Облысымызда 25-тен астам жабдықтаушы фирмаға улы химикаттарды жеткізуге рұқсат етілген.

Бұл жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін техниканы, дәрілеуші адамның жеке басын қорғау құралдарын түбегейлі сараптап, медициналық куәлік берілген және улы химикаттарды қолдана алатын тиісті жұмысшылар санын, арнайы тамақтандыруды, оларды сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді анықтау керек.

Осызаманғы жоғары өнімді, экологиялық жағынан қауіпсіз техникаларды, егіс кешендерін, өздігінен жүріп дәрілер шашатын дәрілегіштерді, арамшөпті құртатын машиналарды, газдандыратын техникаларды пайдаланбайынша, барлық химиялық қорғау шараларын жүргізу қиын. Облысымызда дәрі шашатын 1337 және дәрілегіш 534 техника бар.

Бұл жұмыстарды атқарғанда қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл шараларын сақтау керек. Жер мен оның қойнауларына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, ауа мен суға зақым келмейтіндей ғылыми негізделген шараларды қолдану қажет.

Осы орайда ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғаудың барынша тиімді шараларын қолданғанда қоршаған ортаға, адамдар мен жануарларға зиян келтірмеуді естен шығаруға болмайды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp