«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИ ТУРНИРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 8-ші дәстүрлі “Экзерсис СҚО – 2013” спорттық би жарысы маусымының қорытындысы шығарылды. Қызылжарлықтарды билерімен тәнті етіп жүрген өңіріміздің кәсіпқой және әуесқой бишілерінің өнерін Қазақстан, Ресей және Грекия елдерінен арнайы шақырылған төрешілер бағалады.  

 

Қазылар алқасының шешімімен “Облыстың ең нәтижелі жұбы” аталымын Владимир Титов пен Дианэлия Мұқатанова, Сердар Картал мен Айлин Аял жеңіп алса, жасөспірімдер арасындағы қоссайыста Андрей Байкенов пен Ярослава Кузнецова, Дани Жаукин мен Анна Конопкина, Ескендір Дүйсембаев пен Яна Савенкова, жастар арасындағы латынамерикалық бағдарламада Сергей Бурьян мен Лолита Морозова, жастар арасындағы қоссайыста Мұса Сұлтанов пен Анастасия Перепечина, Кирилл Новиков пен Мария Хасанетдинова жұптары жеңімпаз атанды.

Ал “Облыстың үздік жаттықтырушысы” аталымында тәрбиеленушілері халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген жергілікті жаттықтырушылар Юлия Ширина мен Валентина Яровая үздік деп танылса, “Ең нәтижелі спорттық би клубы” аталымы “Александра” спорттық би мектебіне бұйырды.

Үздіктердің үздігі кубокпен және дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Облыстық Туризм, дене шынықтыру

және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp