Оқу орындарында Интернет желісін пайдалануға оқушылардың 58,2 пайызының мүмкіндігі бар.
2012-2013 оқу жылында 632 оқу орнының 629-ында компьютерлер бар және 605-і Интернетке қосылған. Облыс бойынша 1 компьютерге 4,2 оқушыдан келеді (Қазақстан Республикасы бойынша – 5,9 оқушы), 2011 жылы бұл көрсеткіш 5,7-ні құрады.
Кең жолақты Интернетке қосылған оқу орындарының саны өсті. 2012 жылы олардың саны 54-ке өсіп, 254 оқу орнын құрады.
89099 оқушының 65,7%-ы (2011 жылы – 58,8%) компьютерді қолданады, Интернет желісіне енуге 58,2%-ының (2011 жылы – 48,3%) мүмкіндігі бар.
Облыстың колледждері мен лицейлерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияға байланысты салаларда 810 адам білім алады, оның ішінен есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша – 493, ақпараттық жүйелер бойынша – 177 және байланыс, радиотехника мен телекоммуникациялар бойынша – 140 адам.
Облыстық Статистика департаменті.