«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРТҮЙЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ.

* Жамандықты кешір дегеннің өзі – жамандық. Бұл – жамандық жасала берсін, сен қорлана бер дегенмен бір.
* Қазіргі надан – оқымаған надан емес, сауатты надан.
* Шын мақтау мен шын сынау – әділдік тұрғысынан тең.
* Міншілдік – ұсақтық, сыншылдық – кісілік.
* Іші тарға сенің жетістігің жаман әсер етеді. Ал сен оны өзіне-өзін жазалаттырдым деп білгейсің.



* Шындық шырқырап тұрса, сыпайылықты садақа етсе болады.
* Жақсы іс қылған кісіге неге бүйттің демес болар.
* Ақыл сарқылмайды, ол – көптікі. Кек қажымайды, бұл – намыстікі.
* Біреуге ақыл айтамын деп өзіңнің ақылсыздығыңды білдіріп алуың мүмкін екенін де ойлаған жөн.
* “Ит иесіне тартады” деген сөз дұрыс. Оны иесі өз пиғылына сәйкеске дағдыландырады.
* “Итті күшім десең, аузыңды жалайды” деп реніш білдіреміз, күшім демесең, өзіңді талайтынын да есте ұстаған жөн-ау.
* Күн бұзылса – бұлт торлар,
Дін бұзылса – жын ойнар.
* Жаттың дініне қызықпа, өз тілің мен діліңді қызықта.
* Бойды басқан кір кетер, ойды басқан кір нетер?..
* – Бізге не жетпейді?
– Бірлік жетпейді.
– Бірлік не үшін?
– Тірлік үшін.
– Тірлік не үшін?
– Елдік үшін.
– Елдік не үшін?
– Қазақ үшін.
– Ендеше бөлінбеу керектігін сен де түсін.
* Заман өтер, зауал кетер, кейінгіге не сөз жетер?..

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp