«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ЖАҚҚА ДА ТИІМДІ ШАРА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен кезекті “Ашық есік күні” өткізілді. Бұл шараға жиналған өңірлік кәсіпкерліктің өкілдері Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің қызметкерлерімен кездесті. Кәсіпкерлік субьектілерінде сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау аталмыш мекемелердің құзырында болғандықтан, бұл шара екі жаққа да тиімді болды.

 

Еліміздегі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова 2013 жылдың 1 шiлдесінен бастап техникалық регламенттеу өз күшiне енетіндігі туралы хабарлай отырып, оның қандай жағдайда және қалай жүргізілетініне тоқталды. Кеден одағы құрамындағы Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің алғашқы қадамын жасай бастағандықтан, азық-түлік тауарларының әлемдік сапа көрсеткіштері талаптарына жауап беруі – отандық өндірушілерге қойылар басты талап. Техникалық регламенттеуде 40 бап бар болса, Татьяна Горлова соның негізгілеріне тоқтала отырып, олардың маңыздылығын сөз етті. Сондай-ақ ол “ХАССП жүйесі дегеніміз не?” деген сауалдың да жауабын бере отырып, өндiрiсте пайда болуы мүмкiн қауiп-қатердi басқару жүйесінің жүргізілу барысына тоқталды.

Ал облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары кәсіпкерліктегі өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ оның бизнесте жүктелетін әкімшілік жүктемесінің кемітілуі және азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы бойынша өз ойларын ортаға салды. Кәсіпкерлік субъектілердің жұмыстарына бөгет жасап, тектен-текке мазаламас үшін олар өздерінің кәсіпкерлік алаңдарында өртке қарсы шаралардың орындалуына мұқият болып, қол астындағы еңбеккерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жүргізілетін шараларды орындап отырса, нұр үстіне нұр болатынын тағы бір ескертті.

Отырыс соңында кәсіпкерлер қос департамент мамандарына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp