«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ ЕЛ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья МИРОНОВА, облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент басшысының орынбасары.

 

Облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменттің қызметкерлері Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі Үндеуін мұқият тыңдады және талдады.

 

Қазақстандағы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі Үкімет пен Ұлттық банк ұсынған заң жобасын облыс тұрғындарымен талдау барысында жаңғыртудың барлық бағыттары бойынша, әсіресе, әйелдер мен ер адамдардың зейнет жастарын теңестіру жайында өзекті ұсыныстар мен тілектер айтылды. Көтерілген мәселелердің Мемлекет басшысы назарынан тыс қалмай, Президентіміз заң жобасын қарау барысында мұқият ескергеніне біз ризашылық сезімімізді білдіреміз. Әйелдер мен ер адамдардың зейнет жасын теңестіруді 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңмен, жыл сайын алты айдан ұзартып, 2027 жылға дейін іске асыруды ұсынғаны зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтардың мүддесін ескере отырып әзірленеді деген үміт ұялатады.

Қазақстандықтарды, әсіресе, әйелдерді әлеуметтік қорғау үшін Президент ұсынған қосымша шаралар нақты тапсырмалармен тиянақталған. Бұл ең алдымен, бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші әйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз ету (заң жобасының бұған дейінгі редакциясында мұндай норма нақтыланбаған болатын). Бұл ер адамдарға қарағанда 25 пайыз кем зейнетақы жарнасын жинайтын әйелдер арасында қолдау табатындығына сенімдімін.

Президенттің азаматтардың міндетті 10 пайыз зейнетақы шығысына жұмыс берушінің міндетті шығарылымы есебінен қосымша 5 пайыз енгізу туралы тапсырмасы әйелдерді ғана емес, барлық қазақстандықтарды, оның ішінде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларды қолдау деп түсінеміз.

Президенттің халық игілігі үшін жасаған әділ де салиқалы шешіміне айтар алғысымыз шексіз. Әлеуметтік саланың өкілі ретінде департамент қызметкерлері алдағы уақытта зейнетақы жүйесін жаңғыртуды жүзеге асыруға бар күш-жігерлерін жұмсайтын болады.

* * *

Сәуле МАҚМЕТОВА,

сатушы.

 

Өткен аптада жария етілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуды кейінге қалдыру туралы шешімін қуана қабылдадым.

Президент әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы заң жобасын кері қайтарып, оның олқы тұстарын қайта қарауды Үкіметке тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев ерлер мен әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын бір ізге келтіру өзекті тұрған мәселе екенін айта отырып, оның себептеріне де тоқталды. Елбасының айтуынша, зейнетақы заңнамасын жаңғырту қазақстандық зейнеткерлердің жағдайын жақсартуға кепілдік беретін себептердің бірі болмақ. Бұл зейнет жасындағы адамдарды 1990 жылдардағыдай тығырыққа тіреуден сақтайды.

Өзім қаламыздағы сауда орындарының бірінде сатушымын. Егде тартқан жасыма қарамастан, күні бойы аяғымнан тік тұруға тура келеді. Зейнеткерлікке шығу жасын 2014 жылдың қаңтар айынан бастап өсіре бастау, әне-міне, зейнеткерлікке шыққалы жүрген жандар үшін төбеден жай түскендей әсер етіп еді. Меніңше, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ерлермен теңестіруге психологиялық тұрғыдан да дайындық керек. Бұл шара 2018 жылдың қаңтарынан кезең-кезеңмен бастау алатын болса, оған әйелдердің де іштей дайындалуына уақыт болады. Сонымен қатар бұл мерзім әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы заң жобасының егжей-тегжейлі зерттеліп, олқы тұстарына тиісті толықтырулар енгізілуіне, сөйтіп, тиімді шешім қабылдануына мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp