«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ ЖОЛЫМЫЗ БАР ЕЛМІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын жариялады. Елбасы “Қазақстан – 2030” Стратегиясы мерзімінен бұрын орындалғанын атап өтті. Өткен жылдарда бұрынғы құжат бізге бағдар ретінде жол ашып, басты мақсаттан таймай, алға ұмтылуға мүмкіндік берді. 

Ернар СЕЙДІМБЕКОВ,  

облыстық Әділет департаментінің басшысы.

Біріншіден, ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесі қалыптастырылды. Екіншіден, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік беки түсті. Осының бәрі азаматтарымыздың еңбегінің арқасында қалыптастырылды. Енді алдымызда өзге мақсат тұр – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер және тағы басқа сынға әзір болуға тиіспіз. Жан-жақты даярлықтың арқасында жаңа сын-қатерлерге төтеп беруге дайын болуымыз қажет. Сондықтан Елбасы бізге 2050 жылға дейін ұлттың жаңа бағытын құруды ұсынып отыр. “Қазақстан – 2050” Стратегиясы” Жолдауы ХХІ ғасырда еліміздің тәуелсіздігін нығайтудың терең тетігі болып табылады. Елбасының Жолдауы халыққа қоғамды дамытудың жаңа импульсін ұсынып отыр. Стратегия – бұл, бір жағынан, “Қазақстан – 2030” сияқты еліміздің жұмыс жоспарларында бұрыннан белгіленген жүйелі реформалар бағытын жоспарлы жалғастыру болса, екіншіден, жаңа саяси ұйғарымдарға, терең философиялық ойларға толы аса маңызды құжат. Бұл Стратегияны тек Қазақстанның емес, көптеген елдердің заңгерлері, саясаткерлері мен экономистері терең ынтамен зерделейді деп санаймын. Қазақстан Республикасы жан-жақты қарастырылған бірыңғай елдің іс-қимылының бағдарламасын ең жоғары болжамды мерзімге ұсынып отыр. Бүгін мемлекетіміз қалыптасқан мемлекеттің өркендеу жолының тең жартысынан сүрінбей өтті. Енді еліміз тек қана алға – жаңа табыстар мен жеңістерге ұмтылуы қажет. Басты мақсатымыз – “2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру”. Бұл міндеттерді орындау үшін біз “Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысуымыз қажет”, – деп атап өтті Н.Назарбаев.  

 

Елбасының ерекше қасиеті – оның болашақты болжай білуі. Немістің ойшылы И.Гете: “Болашақты көре білетін адам ғана таңғажайып өзгерістер істей алады” деген. Стратегия біздің Елбасымыздың көрегендігін және даналығын тағы бір дәлелдеді. Бұл мүмкіндіктеріміз бен стратегиялық басымдықтарымызды прагматикалық бағалау негізінде әзірленген құжат және оның сәтті іске асуының негізгі факторы болып табылады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы да қазақстандықтарға ел дамуының ерекше жолын таңдап берді.

Стратегиядағы жоспарларды орындау көгілдір Ту астындағы ынтымағы жарасқан елдің қолынан келеді. Президент Н.Назарбаев өз Жолдауында: “Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның “алтын ғасыры” боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады”, – деді. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев тек Тұңғыш Президент емес, сонымен бірге мықты мемлекеттің лайықты басшысы және ықпалды мемлекеттің ұлттық Көшбасшысы. Ол – Қазақстан атты мемлекет кемесінің нағыз капитаны.

Төменгі буын әкімдерін сайлау туралы шешім Жолдау әкелген жаңалық болды. “Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Барлығы 2533 әкім, соның ішінде ауылдық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы”, – деді Елбасы. Президенттің айтуынша, билік органдарының өкілеттігі қаржылық және кадрлық ресурстармен толықтырылады. Н.Назарбаев басты міндеттердің бірі ретінде 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайту екендігін атады. 2040 жылға дейін бұл көрсеткіш үш есе өсуі керек.

Кезекті Жолдауында Елбасы мемлекетті дамытудың маңызды аспектілері деп балалар мен жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін, бала мен ананы қорғауды, отбасылық дәстүрлерді дамытуды және нығайтуды, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді анықтады. Сонымен қатар, Н.Ә.Назарбаев екі жылдан соң индустриялық-инновациялық бағдарламаның бірінші бесжылдығының аяқталуын күтпестен, Қазақстанды индустрияландырудың жаңа кезеңін жоспарлауды тапсырды. “Қазақстан – 2050” Стратегиясының негізгі қағидалары инновация үшін қолайлы жағдай жасауды болжайды. Елбасы халыққа арналған Жолдауында Отанымыздың лайықты болашағын қамтамасыз ету үшін жігермен, еңбексүйгіштікпен және мақсаткерлікпен қарулануға шақырады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp