«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАС ҚАНАТТА” ЖҮЛДЕГЕР БОЛҒАН АЛҒАШҚЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

22 мәрте жастардың бақ сынауына мүмкіндік берген шара – “Жас қанат” республикалық әншілер байқауында облыс намысын қорғаған облыстық филармонияның әншісі Мұхит Ахметов үздік үштіктің қатарынан көрініп, қола жүлде иегері атанды. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

“Жас қанат” байқауы – жас әншілердің тұтас бір толқынын тәрбиелеген жоба. Мұхит Ахметов бұл жобаға тыңғылықты дайындалып барғандығын айтады. Ол үш кезеңде үш бірдей ән орындады. Алғашқы кезеңде Қайрат Жәнібековтің “Сай келді” әнін орындап, екінші кезеңде Бейбіт Оралұлының “Толғау” әнін көрермендер назарына ұсынды. Еліміздің түкпір-түкпірінен бақ сынап келген 15 әншінің ішінен ақтық сынға суырылып шыққан Мұхит Ахметовтың жеңіске деген талабы оны жігерлендіре түседі. Байқауда айтқан соңғы әні оның жеңіске жетудегі ақтық шырқауы еді.  

 

Сазгер Кеңес Дүйсекеевтің қолынан қола қанатты алған жерлес әнші – қазақстандық эстраданың жаңа жұлдыздарын анықтайтын байқауда лауреат атанған тұңғыш солтүстікқазақстандық. Мұхит Ахметовпен бірге байқау жеңімпаздарының тізімін ақтаулық Аида Байгелова мен семейлік Келбет Отынбаева толықтырған. Бір айта кетерлігі: байқауда өңіріміздің намысын Мұхит Ахметовпен қатар, Әсел Малаева да қорғап, сайыс қорытындысы бойынша дипломант атанды.

СУРЕТТЕ: “Жас қанат” байқауының жеңімпазы.

Сурет Bnews.kz ақпараттық агенттігінен алынды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp