Майя Түренова облыс орталығындағы №1 қалалық емханада медбике болып қызмет етіп келеді.
– Бала кезімде соқырішекпен науқастанып, ауруханаға ауыр халде түстім. Өмір мен өлім арпалысқан сәтте менің өмірім осы ақ халаттылардың қолында екенін түсіндім. Онда мен небәрі 15-16 жаста едім. Бойжетіп, өмірлік мамандығымды таңдайтын сәтте аяқастынан науқастанып қалғаныма қуандым. Себебі, менің өмірім үшін күрескен медицина қызметкерлерінің қайырымды жұмысы мен үшін әлемдегі ең күшті қызметтердің біріндей көрінді. Дәрігерлер мен медбикелерді мен өзіме үлгі тұттым. Мектепті тамамдаған соң еш ойланбастан, Петропавл қаласындағы медициналық колледжге оқуға түстім, – дейді Майя Өстемірқызы.

Майя Түренова аталмыш емханада көп жылдан бері еңбек етіп келеді. 1986 жылдан бері науқастарға екпе егіп, олардың емделуіне себін тигізіп келе жатқан медбикенің балалық арманы орындалды. Қазіргі таңда ол аталмыш емханадағы күндізгі бөлімнің медбикесі. Бұл бөлімде науқастар дәрігердің жолдамасы бойынша дәрі-дәрмек пен екпе қабылдауына мүмкіндік бар. Науқастар үйден келіп емделеді демесеңіз, бөлімді кәдімгі аурухана десе де болады. Күніне 30-дан аса науқасты қабылдайтын медбикені емделушілер ерекше қадірлейді.
Күндізгі бөлімге келіп емделетіндердің қатарында егде жастағы науқастар көп. Олар тиісті ем алу үшін емханаға келе алмай, үйлерінде төсек тартып жатып қалатын кездер де болады. Ондай кезде науқастардың үйіне барып, екпе жасап кетуді әдетке айналдырған медбикенің өмірлік ұстанымы осы.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.