Қойшыбай ШӘНИЕВ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
ҰБТ-ның алдында ұстазы,
Мәселені жатыр пысықтап.
Нақтылап айтсақ шәкіртін,
Тәрбиелеп “ұшықтап”.
– “Оқы – дейміз
Тілді алмайсың,
Бағдарламадан шалғайсың.
Он бір жылың өтті зымырап
“А” мен “Б”-ны шалмайсың,
Өз бетіңмен ден қойып,
Бірдеңе ұғып алмайсың.
Біздерді ұятқа қалдырып,
Беделімізді жалмайсың.
Отыра қал да, арыз жаз –
ҰБТ-ға бармайсың!
Әзер болса, оқуды
Колледжде жалғайсың!
ҰБТ-ға барамыз дегенде
Кенеттен “ауырып қалғайсың!”.
* * *
Ала берген соң мазаны
Шәкірттер арыз жазады.
“Қой да түгел, қасқыр – тоқ”
Бұл – әдістің ғажабы.
Шал ақын ауданы,
Ы.Ыбыраев ауылы.