«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰШҚАН ҰЯМЫЗҒА РИЗАМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Фариза БУРАСОВА,
М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің оқушысы,
Надира БУРАСОВА,
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті.

Тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім берер мектебінде десек, Уәлиханов ауданындағы өзіміз білім алған Жамбыл орта мектебі дәл сондай құтты білім ошағының бірі.
Бұл – 73 жылдық тарихы бар, озат деңгейдегі мектептер қатарындағы білім ошағы. Мектебіміз биік шыңдарды бағындырған, үлгілі оқушыларына болашаққа нық қадам бастырған, облыстық, республикалық деңгейлерге шығып, жетістіктерге жеткен. Осы білім ордасынан қанат қаққан түлектер бүгінгі күні әртүрлі мамандық иесі атанып, кейбіреулері мектебімізде ұстаз болып жүр.
Мектебіміздің көптеген жетістіктерге жетуі басшысы Қайролла Адыкеновтың арқасында деп есептейміз. Мектеп басшысы мен ұжымының бастамасымен әр уақытта түрлі қоғамдық жұмыстар, іс-шаралар ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары да белсене атсалысады. Қайролла Мешелұлының басшылығымен жыл сайын Наурыз мейрамын ауыл болып атап өтеміз. Бұл күні концерттік бағдарлама қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Ауыл тұрғындары шет жақтан келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, майлы дастарқан басында наурызкөжеден дәм татып, үлкендер бата береді. Мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күнінде жыл сайын шеру өткізіледі.

Қайролла Мешелұлы мектебіміз бен ауылымызды көркейту мақсатында да көптеген игі істер атқарды. Мектептің жанында мұғалімдер ұжымымен бірлесіп “Тәуелсіздік” және “Түлектер” аллеясын ашып, білім ордамыздың келбетін одан әрі көркейте түсті. Ауылымыздың орталық көшесінде мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары жұмылып, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға арнап “Ер есімі – ел есінде” атты ескерткіш орнатты.
Биыл мектебіміздің басшысының бастамасымен мектеп оқушылары мен ауылымыздың жастары үшін спорт алаңы ашылмақшы.
Ал мектеп ұстаздары туралы айтсақ, қазіргі таңда бұл мектепте ең үздік ұстаздар сабақ беруде. Оқушылар үшін бұл мектепте бар жағдай жасалған. Сол себепті оқушылар сабақты қызығушылықпен оқып, жетістіктерге жетеді. Мектеп оқушылары ҰБТ-ны жақсы тапсырып, грант иегерлері атанып жүр. Сонымен қатар, мектебімізде олимпиадалардан, спорттық жарыстардан, ғылыми жобалар сайысынан бірнеше дүркін жеңімпаздарымыз бар. Бұл мектепте білім алған жылдары білгеніміз, үйренгеніміз өте көп. Осы мектептегі ұстаздардың сусындатқан білім нәрінің арқасында белгілі оқу орындарының грант иегерлері атанып отырмыз. Сол үшін де мектеп ұжымына айтар алғысымыз шексіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp