«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өмірдің орташа ұзақтығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Соңғы он жылда Солтүстік Қазақстан облысында өмір сүрудің орташа күтілетін ұзақтығы 2,7 жасқа немесе 64,84 жастан 67,55 жасқа дейін өсті.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысында өмірдің орташа күтілетін ұзақтығы 67,55 жасты құрады, ол республикалық көрсеткіштен 3%-ға төмен. Қазақстанның тоғыз өңірінің ішінде біздің облыста өмірдің күтілетін ұзақтығы (ӨКҰ) республикалық деңгейден 2,06 жылға төмен (69,61), ерлер (64,84) 2,48 жасқа, әйелдер (74,33) 1,32 жасқа. 2012 жылы өмірдің күтілудегі барынша ұзақтығы Астана қаласында тіркелді, онда екі жыныстағылардың орташа жасы 73,68 жасты құраған, ерлер – 69,38 жас, әйелдер – 77,79 жас.


Ер адамдар мен әйелдердің өмірінің ұзақтығында айырмашылықтар байқалады. Әйелдердің өмірінің орташа күтілетін ұзақтығы (73,01 жас) ерлердің өмірінің ұзақтығынан (62,36 жас) 10,7 жасқа жоғары. Қазақстан бойынша тұтастай ӨКҰ гендерлік айырмашылық ерлер мен әйелдерде 2012 жылы 9,49 жасты құрады. Айырмашылықтың барынша аз мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,54 жыл, барынша жоғары – Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында сәйкесінше – 11,01 мен 11 жас.
Қала халқының өмірінің орташа күтілетін ұзақтығы 68,12 жасты, ал ауыл халқында 67,07 жасты құрайды.
Қалада тұратын әйелдердің өмірінің ұзақтығы (73,87 жас), ауылдық жерде тұратындардан (72,49) 1,4 жасқа жоғары. Ерлердің өмірінің ұзақтығында қарама-қарсы беталыс байқалады. Қалада тұратын ер адамдарды ауылдағылармен салыстырғанда, орташа 0,4 жасқа кем өмір сүреді.
 
Облыстық Статистика департаменті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp