Газетіміздің үстіміздегі жылғы 9 мамыр күнгі санында “Осындай ескерткіш бола ма екен?” деген атпен (авторы – Қошан Қали) сын материал жарияланған болатын. Осы мақала бойынша Жамбыл ауданының әкімі С.Әшімовтен мынадай жауап келді:
“Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінде 2013 жылдың 9 мамырында жарияланған “Осындай ескерткіш бола ма екен?” атты мақала аудандық ардагерлер кеңесінің отырысында Майбалық ауылдық округінің әкімі Айдар Тасмағамбетовтың қатысуымен талқыланды. Ескерткіште Ұлы Отан соғысына қатысқан 18 адамның аты-жөндері “Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесінің араласуымен нақтыланды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төралқасы мен Майбалық ауылдық округінің әкімі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай соғысқа қатысқандардың аты-жөндері жазылған ескерткіш дайындау керек деп шешті. Аудандық бюджетте мұндай мақсатқа қаржылай қаражат қарастырылмағандықтан, бұл мәселені 2013 жылы шешудің мүмкіндігі жоқ”.